
Жиырма жетінші қазан күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «ВЕБ стиліндегі кітапхана» өлкетану библиографиялық сағаты өтті.
Шараға тарихи-өлкетану мұражайы, мұрағат, «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының қызметкерлері, «Аманат» партиясының өкілдері қатысты. Библиограф тыңдаушыларды Шарбақты ОКЖ электронды ақпараттық ресурстарымен таныстырды. Интернетте 6 сайт жұмыс істейді: «Шарбақты аудандық орталық кітапханасы» http://cbs.shcherbakty.kz сайты, «Шарбақты ауданының Орловка ауылдық модельді кітапханасы» http://cbsorlovka.jimdofree.com сайты, «Шарбақты ауылы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі» https://cbs-dics.jimdofree.com сайты, «Александровка – құтты мекен, ырысты өлке. Александровка – қастерлі, туған ауыл» https://aleksandrovka-bibl.jimdofree.com өлкетану сайты, «Галкино – жан мен жадының туған жері» https://galkino.jimdofree.com өлкетану сайты, Қазақ ақыны, аудармашы, әдебиет сыншысы, балалар жазушысы – Мұзафар Әлімбаевқа арналған «Қазақ жерінің бұлақ көзі»