Өзім жайлы толғанамын

Бектасова Шолпан Кабдрашитовна

Тәуелсіз елім армысың

Тәуелсіздік таңы атқан желтоқсаным армысың,

Қалың қауым оқырманым аман-есен бармысың

Басқан ізі сайрап жатыр содан бергі елімнің,

Сүріндірмей алып шықты-ау қолдап өзі тәңірім.

Өзге ұлттың өкілдерін шығармаймыз төрге-деп,

Оққа тікті кеуделерін алаңға кілең жастар кеп

Ұлт намысын қорғаған қылықтарын құптамай

Абақтыға жапты аямай көпшілігін сүйрелеп.

Осы күнді көрмей кеткен қыршын кеткен боздақтар

Қандай да бір мәртебеге ылайықты бұл жандар

Ұлы күшпен жағаласып қолдан бермей намысты

Керек десе ақырғы үкім өлімге бас тіктіңдер.

Шүйіншілеп хабарды шар тарапқа таратты,

Алғаш болып түрік елі қуанышын білдірді.

Қалай болар екен деп жасқана ел қарап еді

Көшің жүре түзелді-ау ақталдырып үмітті.

Жер-жерлерден құттықтаған жедел хаттар ағылды,

Бүкіл әлем осылайшы қазақ елін таныды.

Немқұрайды қарағандар төбемізден бұл күнде

Көреміз деп осы елді жан-жағымнан ағылды.

***

Тәуелсіздік өзіңменен өшкеніміз жаңғырды

 

Тәуелсізбіз енді деп күллі әлемге жар салам

Алла қолдап сол күнге жеттік бізде аңсаған.

Тәуелсіздік бүгінде не берді деп халқыма,

Жіпке тізіп жетістікті жатсам тұрсам ойланам.

Аспанменен таласқан Бәйтерегі бар қала,

Еліміздің бас қаласы жарқыраған Астана.

Отаныма сән бергендей Сары-Арқаның төріне

Тұрғызылды Астанамыз теңдесі жоқ басқаға.

Тәуелсіздік сенімен бірге өшкеніміз жаңғырды,

Қазақ елі бүгін міне күллі элемге танылды.

Елге деген толғанысым жүрегіме сия алмай,

Жырлайын деп осыларды мен де салдым барымды.

Әдет-ғұрып салт-санамыз түгелімен тоналды,

Сөйлей алмай өз тілімде ыза-кек іште кернеді.

Шүкіршілік бұған да түбірімен жойылмай

Жөргегінде түншығып қалған тілім қайта оралды.

Қайтқан қаздай қалықтап елімізге ел келді,

Елге ел қосылса қүт береке дей келді.

Қиындықты ел көрген жұмыла бірге көтеріп,

Бізбен бірге олар да несібесін кеп терді.

 ***

Тәуелсіз елдің құрдастарына айтарым бар

Тәуелсіздік таңы атқан,
Желтоқсаным армысың.

Қалың қауым оқырманым,

Аман- есен бармысың.

Кең далама көп карадым,

Көзімді одан ала алмай.

Еліме деген тебіренісім,
Жүрегіме сия алмай.

Биыл міне ширек ғасыр,

Ел болғалы тәуелсіз.

Бүкіл ел боп тойлап жатыр,

Ақ пейілмен кіршіксіз.

Елімменен құрдастар,

Еңселерін тік ұстар.
Инвестиция жемісі,

Жиырма бес жасар ұл қыздар.

Елімді алға жетелер,

Осылар болар қол бастар.

Халқы сеніп тапсырған,

Кез келген істі тындырар.

Қанмен қарға жазғалы,
Тәуелсіздік алғалы.

Екі мүшел өтіпті,

Еркін өмір сүргелі.

Сары-Арқаның дәл төріне,

Хан шатырын тұрғызған.

Бірнеше ұлттың өкілдерін,
Құшағына сыйғызған.

Осылайша кең пәрменмен,

Дами берсек қарқынмен.

Көп ұзамай көрінерміз,

Отыз елдің төрінен.

Алда тұрған үлкен сын бар,
Жұмыла ел боп атқарар.
Мақтанышпен айта алатын,
Осындай менің елім бар.

***

Тәуелсіздік мәңгі болсын

Қандай нәубет келмеді бұл қазаққа,
Көп емес қанша өлең жыр жазсақ та.
Кешегі тай—тәй басқан тәуелсіздік,
Келікті міне бүгін жиырма беске.

Әуелі тілім менен дінімді алды,

Сонан соң жер қойнынан барымды алды.
Кешегі дүркіреген мықты одақтын,
Шашылып жер бетінде күлі қалды.

Жанарым таңғы шықтай мөлдіреді,
Естігенде ет жүрегім елжіреді.
Елімпің тәуелсіздік белгісі боп,

Көк аспанда көк туың желбіреді.

Көргісі келмегендер көрді енді,

Білгісі келмегендер білді енді.
Төрінде жарқыраган астанасы,
Сарыарқа бір ғажайып түрге енді.

Қазагым болашагын жарқын болсын,
Дәулетің жылдан жылға карқындасын.
Көп бейнеттің зейнеті осы болар,
Түғыры тәуелсіздік мықты болсын.

Азамат Нұрсұлтандай ел басқарған,
Бұғауын бодантықтан үзіп жарған.
Даналықпен тәуелсіздік жеңіп алып,
Халқының ауыр жүгін арқалаған.

Жүрегім Әуезді бір күй шерткендей,
Көңілім алабұртып жыр төккендей.

Шашу боп тәуелсіздік құрметіне,
Қазақтың кең даласы ән салғандай.

Қалың тұман сейіліп ыдырады,

Күн шуағы жердің бетін қыздырады.
Неше жыл бейнет көрген үргін-сүргін,
Көңілі қазағымның жадырады.

Ел басқарған арқасы азаматтың,
Дағдарыста дағдарын қалмағаның.
Бүкіл әлем дәл бүгін мойындады,
Басына еліміздің бақ қонғанын.

Тілерім тәуелсіздік мәңгі болсын,
Болып жатқан тойларың тойға ұлассын.
Аман боп бала-шаға кәрі жасың,
Елімізге Алланың нұры жаусын.

Елімнің орындалды басты арманы,
Ежелден осы еді ғой аңсағаным.
Тілеймін мөлдірлігін аспанымның,
Тілеймін тыныштығын халқымыздың.

***

Жыр толғауым Астана

 Отанымның кіндігі жарқыраған Астана,

Жасай берші гүлденіп теңдесі жоқ басқаға.

Бүкіл әлем көз тігіп бақылады сыртыңнан,

Қалай ғана болар деп қарап еді жасқана.

Елбасының тілегі орындалып бүгінде,

Орналасты Астана Сары-арқаның төрінде.

Өнегімен әрқилы ғимараттар салынып,

Адамзаттың кірмейтін өңі түгіл түсінде.

Неше ақын жырласа да тіл жетпейтін Астана,

Өлең жырдың  қаймағын мен де арнадым Астана.

Суретіне таңырқап экранның сыртынан,

Бұл қаланың көрген де көрмегенде арманда.

Гүлдене бер Астана таң қалдырып талайды,

Бір өзіңнен иөзгеше жарық сәуле тарайды.

Аспаныңда қазақтың асқақ үні сайраса,

Көлбетіне сүйсініп, бүкіл әлем қарайды.

Қонағыңды Астана қарсы аласың ұялмай,

Көрген адам таң қалар тайғанақтап тұра алмай.

Болғанына елімнің Астанасы осындай

Жүректерге қуаныш лық толды сый алмай.

Тілегімді арнағанда сөз таба алмай тосылдым,

Жағасына Есілдің көрік беріп қосылдың.

Жер шарында қалалар бар сан алуан керемет,

Ең көрікті қалалардың қатарынан көріңдің.

***

Ғабдул-Уахит хазірет атамызға арнау

Жатқан жерін мамық болсын аталардың атасы,

Өзіңді іздеп барғандардың жазылар жан жарасы.

Бармаппыз – ау неше жылдай қу тірлік қуалап,

Болған екен мекен – жа         йың қарағайдың панасы.

Мекеніңіз тым керемет адам айтса нанғысыз,

Келіп кеткен адамдардың есебі жоқ көп санасыз.

Қазағымының мандайында жарқыраған жұлдыз деп,

Қасиетіңді қастерлейтін артыңызда ел бармыз.

Атамыздың қасиетін сөзбен айту мүмкін бе,

Ондаған жыл саясаттың салқыны сізге тиді ме.

Ешкімге де бағынбаймыз, тәуелсізбіз енді біз,

Аялайтын аруағыңды уақыт бізге жетті ме.

Топырағыңнан айналайын түгін тартса май шыққан,

Қасиетті аталарды дүниеге әкелген,

Жерұйыққа барар едім атамыздың мекенін,

Осы жерден көріңіздер кереметін Алланың.

Сізден қалған мұраларды жоғалтып біз алыппыз.

Өзің берген білімді де тоналтып біз алыппыз.

Бір жұманы құр жібермей апам сізге келуші еді,

«Қайда бардың, апа сіз» деп сұрамадық сонда біз.

Бүгін, міне, ауыл аймақ басыңызға жиналды,

Бірауыздан өзіңізге дұғаларын арнады.

«Көп түкірсе көл» дейді ғой, соған міне, куәміз,

Сәнді әрі салтанатты кесенеңіз ашылды.

Тартса екен самаладай жарқыраған шамдарды,

Қысы-жазы қатынасатын жөндесе екен жолдарды.

Аялайық, қастерлейік, ағайындар бірлесіп,

Мың жылда бір туатын осындай асыл жандарды.

***

Ауылым — әнім

Шегірен келін боп түскен жерім,

Ырзықты тәңір берген терген жерім.

Өсіріп ұл-қыздарды Алла берген,

Елімнің қатарына қосқан елім.

Ауылым қарағайдың бауырында,

Қарсы тұрған боранымен дауылына.

Біреулерге күн көріс көзі болса,

Кейбіреуге зор табыс мол қазына.

Аз уақыт сапар шексем сағынамын,

Қайтуға ауылыма асығамын.

Бір мезгіл көңіл-күйім болмай жүрсе,

Дем алсам ауасымен жадыраймын.

Ауылымның жарқын болсын келешегі,

Өркендеп өсе берсін жеткеншегі.

Қарттарым аман жүрші қалжырама,

Сіздерсіздер ауылдың ардақтысы.

Сандық жүйе ең алғаш бізге келді,

Телеарнаның хабарына бір кенелді.

Жерлестерді серпілтіп бір тастады,

Қарт әженің Елбасымен сөйлескені.

***

Өшпесін ауылымның шамшырағы 

Ауылым Арбигенім өскен жерім,

Балалықтың бал дәуренін кешкен жерім,

Ең алғаш әліппені қолға алып,

Тәрбиесін ұстаздың көрген жерім.

Достарымен сауық-сайран құрған жерім,

Тәрбиесін ата-анамның көрген жерім,

Қайын жұртым ауылдас адам боп,

Өмірлік серігімді тапқан жерім.

Бір-біріне ет жақын жарандары,

Біркелкі тәрбие алған ұландары,

Қазақтың даласындай кең пейілді,

Құрамы өз ұлтымның адамдары.

Қарап тұрсам қарттары санарлықтай,

Әкемді көргендер азайыпты,

Бұл күнде жұмыссыздық салдарына,

Иесіз қалған үйлер көбейіпті.

Ауылым отанымның бір бөлшегі,

Өркендеп жарқын болсын келешегі,

Аман боп бала-шаға, кәрі-жасы,

Сөнбесін ауылымның шамшырағы.

***

Мәуліт тойы құтты болсын! 

Алла атымен бастаймын,

Аптығымды басайын,

Тойына арнап Мәуліттің,

Жырдан шашу шашайын.

Армысыздар ағайын тойға келген,

Тілектерін Мәулетке арнай келген,

Еске алып Пайғамбарды бір ауыздан,

Шын жүрекпен салауат айта келген.

Әр жыл сайын жырымды арнап келдім,

Тыныштығын халықтың ойнап келдім,

Қайда жүрсек ойымыздан бір шықпайтын,

Пайғамбардың хақтығын айта келдім.

Жырласа неше ақын жыр бітпейтін,

Сөйлесе неше шешен сөз жетпейтін,

Арада сан ғасырлар өтсе дағы,

Қасиеті есімізден бір шықпайды.

Жас буынға өсиеті жетсе деймін,

Ұлылығын ұлықтап өтсе деймін,

Қу тірлікті қуалап, бос алданбай,

Жүздерін құбылаға бұрса деймін.

Өмірінен Пайғамбардың үлгі алып,

Ұрпағымыз даңғыл жолды тапса деймін,

Аптаның бір сағатын уағызға арнап,

Жұма сайын Алла үйіне барса деймін.

***

Мәуліт тойы

Армысыздар ағайын тойға келген

Ақ тілек баталарын ала келген

Салауат айтайық біз Пайғампарға

Есімі ғасырлардан бізге жеткен

Өмірі үлгі оның адамзатқа

Жетелейді әр сөзі имандыққа

Пейілінің кеңцігін қараңыздар

Жарты нанын бөліп берген кембағылға

Қызықпаған дүниенің байлығына

Өзінің риза болған шайлығына

Ұлылығын ешкімге міндет етпей

Тең қараған адамдардың барлығына

Ұрпактың қамын ойлап алаңдаған

Әкелік мейірімін аямаған

Үй болып кетсе дағы перзенттері

Әр қайсысын жаяу жүріп аралаған

Алла сөзін жеткізіп «Оқы» деген

«Білмесең де білуге талпын» деген

Ұққанға өнегесі мол ғой шіркін

Ұрпағым өсіп өніп көбей деген.

Болмаса да елден асқан шешендігім

Тілге тиек еттім мен көсемдігін

Тілі шыққан сәби де біліп өссін

Мұхамбеттің (С.Ғ.С.) үмметінен екендігін.

 ***

Пайғамбарымыз Мұхаммед (С. Ғ. С.) арнау

Алла һақ Мұхаммед үмметіміз

Қабыл болсын жасаған құрметіміз

Жер шарының үштен бірі сиынатын

Үндессін соларменен ниетіміз

Жұлдыздай жарқыраған дара тулға

Ғасырлар ұрпақтарын үлгі тұтқан

Жүріп өткен Мұхаммед пайғамбардың

Адаспайық ағайын сара жолдан

Қысса да жан-жағынан бұл нарығын

Болмасыншы пенделер еш қарызын

Қолдан келсе ағайын атқарайық

Алланың бұйрық еткен бес парызын

Салған жолын адамзатқа тіліп жарып

Барады жылдан жылға даңғылданып

Арада сан ғасырлар өтсе дағы

Жарқырай бер өшпес сәуле сияқтанып

Бір туар тұлғаларды аялайық

Көрмесек те нұр жүзін қиялдайық

Пайғамбарымыз Мұхаммед (С. Ғ. С.) ді

 Есімізден бір сәтке шығармайық

 ***

Пайғамбарымыз Мұхаммед (С. Ғ. С.) арнау

 Армысыздар ағайын тойға келген

Ақ тілек баталарын ала келген

Еске алып еткендерге дұға қылса

Тілегін тірілердің Алла берген

Жиналған бүгінгі күн уа халайық

Асыл Пайгамбарымыз (С. Ғ. С.) есімізге алайық

Ой салып соңынан ерген ұрпақтарға

Үлгі тұтар бір кәдеге жарайық

Алла һақ Мұхаммед үмметіміз

Қабыл болсын жасаған құрметіміз

Жер шары үштен бірі сиынатын

Үндессін соларменен ниетіміз

Жұлдыздай жарқыраған дара тұлғаң

Ғасырлар ұрпақтарын үлгі тұтқан

Жүріп өткен Мұхаммед пайғамбардың

Адаспайық ағайын сара жолдан

Қысса да жан-жағынан бұл нарығың

Болмасыншы пенделер еш қарызың

Қолдан келсе ағайын атқарайық

Алланың бұйрық еткен бес парызын

Аттастар Пайғамбармен бармысыздар

Сіздер өзі сол атқа саймысыздар

Аулақ боп арақ-шарап жат қылықтан

Есімін Пайғамбардың сыйлаңыздар.

 ***

Қазақ хандығына 550 жыл

Бабаларым ардағым

Біріктіру өте қиын шашыранқы тайпаны

Ең алғашқы хандық құру оңайлыққа соқпады

Ақ туыңды желбіретіп бөрігіңді көкке атып

Осындай бір қиындықпен қазақ елі ел болды

Тойлап жатыр елім бүгін мерей тойын хандықтың

Бағаласаң өткеніңді жетістікке жеткенің

Көмескі боп қала ма еді мәңгі бізге естілмей

Аршымасақ осылайша тарихымның беттерін

Өтіп жатыр содан бері неше ғасыр неше хан

Бір кездері сайланыпты әр жүз сайын жеке хан

Пайдаланып ұрымтал тұсты көз алартып айнала

Ұрыс ашты шүршіт, қалмақ жоңғарларың жабыла

Осы кезде елімізге өте ауыр күн туды

Елімайлап батырларым елді жаудан қорғады

Үргін көрді, сүргін көрді азаттығы үшін елімнің

Ақтабан шұбырынды содан қалған із болды

Еліміздің бабаларын жырлау бізге аманат

Болашаққа қалдырдыңдар осылайша сәлем хат

Берік ұста жеткіншегім бабадан қалған туыңды

Алла қолдап өздеріңді естіртпеңдер жаман ат

Ел бастады бүгін міне Нұрсұлтандай данамыз

Данышпандық істеріңе басымызды иеміз

Ақылымен, айласымен істерімен не қилы

Дағдарыстың не түрінен құтқарды сенеміз

***

Армысыз Әз-Наурыз

Наурыз келді жадыратып аймақты,

Әр шаңырақ дастарғаның жайнатты.

Тәуелсіздік сенің ғана арқанда,

Елімізде наурыз тойы тойланды.

Күн жылынып бір жылылық байқалды,

Қорамызда қозылақтар шулады.

Былтыр кеткен жыл құстары қайтады,

Жылы ұясы мекеніне оралды.

Үлкен-кіші қолға алып сырнайды,

Оларменен табиғатта жырлайды.

Ақ әжелер көжелерін пісіріп,

Наурыз тойын бүкіл ел боп тойлайды.

***

Қарттар тойы

Армысыздар ағайлар

Бармысыздар жеңгелер

Ұрпақтарын құрмет тұтар

Сіздерге кім тең келер

Ал ағайын ағайын

Күліп бірге ойнайық

Жыл он екі ай бір келетін

Қарттар тойын тойлайық

Бұғып қалмай қуыста

Келдік тегіс клубқа

Шашу шаштым ән жырдан

Арнап бүгін халыққа

Тойлап жатқан тойымыз

Құт береке әкелсін

Өсе берсін ұл-қызымыз

Ұрпағымыз жалғассын

Сән салтанат жарассын

Салған әнім қыр ассын

Қызық думан таусылмай

Тойымыз тойға ұлассын

Ән бітті деп ойлама

Тойдың соңы осы ма

Менен гөрі даусы әсем

Бердім кезек құрбыма.

***

Ата-анамды сағынышпен еске аламын

Анашым ақ сүтімен қанаттандым,

Тәрбиенді санама құндақтадым.

Не болары белгісіз болашағы,

Өмір атты кемемен мен аттандым.

Анашым ауылымның көркі еді,

Береке жүрген жерің мереке еді.

Ақ дастарқан жайюлы ағайынға,

Өзі түгіл жатқа да мейірімді еді.

Анашым ет жүрегін сыздады ма,

Тағдырдың ерте салған жарасына.

Жай күйін әкеміздің ұғушы едін,

Қасымен қабағының арасынаң.

Әже болдым анашым,

Әже болу бақытына ие болдым.

Артығына өз баланаң немеренің,

Міне бүгін өзім де куә болдым.

Балалар аналарды ардақтаңдар,

Көнілдерін түсірмей қолда ұстандар.

Қартаймайда дейді ғой анасы бар,

Қартаймандар тілерім қартаймандар.

Ата-анамды сағынып еске аламын,

Тағдырдың жазғанына бағынамын.

Қолда бардың кадірі болама екен,

Қадірінді сәл кешірек бағаладым.

Әкешім кең жүректі асылжансын,

Бойына бар жақсыны сен жиғансың.

Аулақ боп арақ шарап жатқылақтаң,

Алланың адал жолын таңдағансың.

Қалай ғана бағамын деп ойладың,

Шьш-тәуекелге шындап сен бел байладың.

Жазмыштаң озмыш жоқ ау әкетайым,

Үш жетімді анасымен қосып алдың.

Бауыр бастық өзіңнің құшағында,

Көп шыдадың өмірдің қыспағына.

Алаламай өз балаңмен бірге өсірдің,

Өсірдің де аттандың тұрағыңа.

Кейбіреудің арам ісін жақтамадың,

Жазықсыз біреулерді даттамадың.

Отанға адал қызмет еңбек етіп,

Ешкімнің ала жібін аттамадың.

Көрсек те балалардың балалығын,

Көрмейікші солардың жамандығын.

Қыз тілегі қашан да қабыл дейді,

Тілеймін ұрпағыңның амандығын.

***

Анашымды еске алу

Өмірден өтті анашым,

Жүректе қалды жарасы.

Келмеске кетті анашым,

Бір әулеттің панасы.

Зымырап күндер өтті ғой,

Жылың да жылжып жетті ғой.

Келмесіңе анашым,

Анық бір көзім жетті ғой.

Алаңдадым ертелі кеш,

Кеп қалардай бір жақтан.

Өнегеңді өзің берген,

Жалғап өтем үзбестен.

«Ана» деді ұл-қыздарың,

«Ана» деді егіле.

«Әже» деді немерелер,

«Әже» деді сөгіле.

Қара жерге қалай қисын,

Тума туыс ағайын

Жүрегіміз қан жылады.

«Қайырын бер!» деп тілеймін.

Сағыныштан жүрегіміз,

Езілгендей болып тұр.

***

Енем Маруанаға арнау

Өмірден озды-ау менің жан анашым ,

өзгеше еді-ау маған көз қарасың,

көз алдымнан кетпейді нұрлы бейнең,

қалай ғана жазамын жан жарасын.

Анашым өнегеңмен қанаттандым,

Тәрбиеңді санамда құндақтадым,

Қалай ғана жақсылығын ұмітайын,

өз анамдай сізді мен ардақтадым.

Ойласам анашымды егілемін,

Еріксіз көздің жасын көл қыламын,

Немеренің қамын ойлап алаңдаушы ең,

Енді кімге сырымды айтып шағынамын.

Сағыныштан ет жүрегім сыздағандай,

Қамыққанда қабырғам қайысқандай,

Он бес жылдай иіліп келін болдым,

Мәпеледің сен мені өз қызыңдай.

Алланың жазғанынан озу бар ма,

Анашымды енді бізге көрі бар ма,

Мекен жайың пейіштің төрі болса,

Одан артық ұрпағыңды тілек бар ма.

***

Өзім жайлы толғанамын 

Туыппын қарағайдың бауырында,

Қасиетті мерғалімнің ауылында.

Әкеден ес білместен жетім қалып,

Өсіппің Қаракесек құшағында.

Шолпан деп есімімді қойған екен,

Жұлдыздай жарқырасын деген екен.

Бабамыз Есенаман ұрпағымын,

Тастемір атамыздың келінімін.

Жағаласып өмірмен мен бойжеттім,

Үй ішінің тірлігіне көмектестім.

Ата-анама ешқашан қарсы келмей,

Қасы мен қабағына қарап өстім.

Құрбылардың қатарынан қалыспадым,

Білімнің кемесімен шарықтадым.

Кереку шаһарында білім алып,

Мектепті кілең беске тамамдадым.

Институтқа түсу өте ауыр болды,

Оқимын деп таңдадым қиын пәнді.

Тамамдамай кеткенім сол оқуды,

Сыздатады ауық-ауық жүрегімді.

Аман болсын бала-шаға деп тіледім,

Қадағалап сыртынан қарап жүрдім.

Алдымнан кескестеген ауыр күндер,

Алланың сынағына мен баладым.

***

Өмір күнделігі

Өткенім еске түсіп сыр атқардым

Сонан соң осылайша жыр толғадым

74-75 жылдар өте ауыр болып

Төсекте тапжылмастан бір жыл жаттым.

Сәбилерім бірі екіде бірі төртте еді,

Болашағым сондай бір күңгірт еді.

Төзімі жолдасымның болмағанда,

Менің күнім өте бір мүшкіл еді.

Сол бір көңіл марғау күндерінде,

Бір сыған кіріп келіп былай деді

Қолыңды бер мен саған бал ашамын

Ұзақ болад өмірің сенің деді.

Туасың тағы бір қыз бір ұл деді,

Еске аларсың сен мені талай деді.

Қайдағыны айтады деп нанбап едім,

Айтқанының бәрі анық түгел келді.

Сөнген сәуле қайтадан жылт еткендей,

Өмірім арнасына сәл түскендей.

Назгүлім дүние есігін ашқан күні,

Қуаныштан жан жүрегім жарылғандай.

Осы қызды ерекше жақсы көрдім,

Бұл қызбен өмірге мен оралдым.

Кенжетайым Мейрамым дүниеге кеп,

Тәубаға кеп аллаға шүкір дедім.

Мейрамым бауыр етім балапаным,

Алдансын деп сені берген жаратқаным.

Иесі қара шаңырақ аман жүрші,

Өзің ғой өмірдегі бір жүрегім.