ЭҚЖ

Құрметті оқырмандар!

Құжаттарды электрондық жеткізу қызметі (ЭҚЖ) кітапхана қорларынан баспа құжаттарының (мерзімдік басылым беттеріндегі мақалалардың және кітаптардан үзінділердің) электрондық көшірмелерін алуға тапсырыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл қызметтер Қазақстан Республикасының 1996-жылғы 10-маусымдағы №6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына (10.07.2009 жылғы өзгертулер және толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыстарды кітапхана қорларынан орындау тәртібі мен талаптары: Сізге қажет құжаттар туралы библиографиялық мәліметтерді кітапхананың электрондық каталогының көмегімен табуға болады. Тапсырыс алынған соң және кітапхана қорында оның бары анықталған соң тапсырыс берушіге өтінішінің орындалатындығы туралы хабарлама жіберіледі. Тапсырыс беруші өзінің тапсырысын орындау қажеттілігін, немесе ол тапсырыстың өзіне қажет болмай қалғандығы туралы міндетті түрде хабарлауы керек.

ЭҚЖ «Шарбақты ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ тегін берілерді

Тапсырысты толтырып, жіберу мынандай әдіспен жүзеге асырылады: 1. cbs.shcherbakty@mail.ru электрондық поштасы арқылы.

2. Орталық аудандық кітапханада. Мекен жайы : Шарбақты ауылы, В.Е.Чайко, 39, телефон 87183622682

Назар аударыңыздар!

Заңдылыққа сәйкес алынған электрондық көшірмелерді тек ғылыми, біліми және оқу мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Көбейтуге, басқа үлгіде пайдалануға және коммерциялық мақсатта үшінші бір адамға беруге тиым салынады.