Гегер Владимир Николаевич.

 

1959 жылы 28 ақпанда Павлодар облысы, (Шарбақты) Цюрупин ауданы, Богдан Хмельницкий атындағы тың игеру совхозында дүниеге келген. Жастайынан отбасымен бірге Ермакта, Баянауылда, Железинкада тұрып өскен. Железинка орта мектебін аяқтады. Кеңес әскерінде қызмет атқарған соң, 1978 жылы 23 қазанда Железин аудандық «Ленинское знамя» (қазіргі «Родные просторы») газетінің редакциясында алдымен литсотрудник, содан кейін ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты. Сонымен қатар Павлодар педагогикалық институтының филология бөлімінде, орыс тілі және әдебиеті факультетінде сырттай оқыды. Институтты 1985 жылы бітірген.

1980 жылы біраз уақыт облыстық теледидар студиясының қоғамдық-саяси редакциясының редакторы болып жұмыс істеді.

1981 жылы Шарбақты ауданына оралып, аудандық «Трибуна» газетінің редакциясында жұмыс істей бастайды. Мұнда барлық қадамдардан өтті – тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1988 жылы Шарбақты аудандық партия комитетінің жолдамасымен Алматы жоғары партия мектебіне, журналистика факультетіне оқуға жіберілді. Мұнда мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, аудандық «Трибуна» газетіне жұмысқа оралды.

1995 жылдың 22 қарашасында аудан әкімі Жақай Нұрғалиевтің өкімімен аудандық «Трибуна» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметте 13 жыл жұмыс істеді. 2008 жылдың 27-шілдесінен бастап облыстық «Звезда Прииртышья» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Екі кітаптың және бірнеше журнал әңгімелер жинағының авторы.