Кандыбаев Иван Иванович.

Иван Иванович Кандыбаев 1957 жылы 8 сәуірде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей институтының дене тәрбиесі факультетін тәмамдады. Әскер қатарында болғанда өлең жаза бастады – алғашқылары Мәскеу әскери округінің «Красный воин» газетінде басылып шықты. Кейін Кандыба лақап атын қолдана отырып, «Звезда Прииртышья» газетінде басылып шықты. Оны В.Г. Семерьянов және О.Н. Григорьева қолдады.

Оның алғашқы жинағы — «В гостях у памяти», онда 50 өлең және «Деревня» поэмасы шықты. Өлеңдерінің көп бөлігі Алексеевка ауылына арналды. Ауыл тақырыбы – ақын шығармашылығының басым тақырыптарының бірі болатын. «После дождя» атты екінші жинағы, «Выбираю любовь» үшінші кітабы 2007 жылы шықты. Ақынның өлеңдеріне композиторлар Ольга Колозина, Лариса Лобченко бірнеше әндер жазды. Ресей Композиторлар одағы Красноярск ұйымының төрағасы Олег Проститов И. Кандыбаевтың «Ангел — хранитель», «Крещение» және «Христос воскрес» өлеңдеріне «Православный триптих» музыкалық туындысын жазды. Павлодар ақынының сөздеріне жазылған «Православный триптих» циклі Ресейдің әртүрлі қалаларында тыңдалуда…

Ақынға С.Есенин мен П.Васильевтің шығармашылықтары жақын. Ол Есенин ақындық кештеріне және Васильев оқуларына қатысты. Кейбір өлеңдерін оларға арнап жазған. Көптеген өлеңдерін жатқа біледі – тамаша декламатор, И.Кандыбаев бірнеше мәрте П.Васильев өлеңдерін орындаудың байқауларында үздік атанды, Астанада өткен Есенин кештерінің, Павлодардағы әртүрлі ақындық кездесулердің, В.М.Шукшиннің 75 жылдығына орай өткізілген оқулардың қатысушысы, П.Васильев музейіндегі, кітапханалық және қалалық іс – шаралардың жүргізушісі. И.Кандыбаев П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі болып табылады.

2007 ж. Шымкентте өткен халықаралық әдеби байқауға қатысып, бірінші орынды иеленіп, лауреат атанды. Байқауға алты мемлекеттің: Қазақстан, Ресей, Израиль, Грекия, Алмания және АҚШ ақындары қатысты.