2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалыққа оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі ұсынылады. Бүгін де біз «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Кітап серуені» жобасын аша отырып, «Алатаудың ақиық ақыны –Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныс боламыз.
Monthly Archives: February 2021
Жаңа кітап клубы ашылды
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарда кітап және оқу әуесқойларын біріктіретін “Book club” кітап пікірталас клубының ашылуы өтті. Клуб жетекшісі Абай Құнанбаев атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы – Естаева Адина. Клуб қатысушылары клуб отырысының негізгі мәселелерін талқылап, жаңа кездесулердің жоспарын жасады, алдағы айда оқуға және талқылауға арналған кітапты таңдады. Орталықтандырлыған аудандық кітапхана қатысамын деушілерге “Book club”-қа шақырады.