Monthly Archives: September 2020

Аналар күні

Қазақстанда қыркүйектің әр үшінші жексенбісі  Аналар күні аталып өтеді. 2020 жылдан бастап бұл мереке қыркүйек айының 20-жұлдызында аталып өтетін болды. Бүкіл әлемде аталмыш мереке бірінші жыл емес, тіпті кей жерлерде бірінші ғасыр емес те тойланып келеді.   Бұл жарқын,  шын  мәніндегі нәзік әрі жылы  мереке Қазақстанға келіп жеткені әрине, қуантатыны сөзсіз…..  Осыған орай  орталық аудандық кітапхана ауылдық кітапханалар арасында Аналар күніне арналған ең үздік бейнероликке байқау жариялады.   Кітапханашылар бұл байқауға  жауапкершілікпен  қарап, қазылар алқасына берілген тақырыпқа сай бейнероликтер ұсынды. Ерекше атап өтетін болсақ, Шалдай ауылының кітапханашысы Ф.Макенова – әдеттегідей, креативті, Шегірен ауылының кітапханашысы Табильдинова Раушан- өте әсерлі және сүйкімді бейнероликтер болып шықты. Б.Рахметова (Арбайеген а/к), Г.Мухтарова (Көл-Бұлақ а/к)- ауылдың барлық әйел қауымын  көрсетті, И.Баскаль (Красилов а/к) әдеттегідей биіктіктен көріне білді, О.Цокова (Богодаров а/к) сұхбат ретінде бейнеролик түсірді.

      Әрқайсысы ерекшеленді,  алайда,  байқаудың аты байқау, қазылар алқасының рөлінде біздің оқырмандар өз өнерлерін  көрсетті. Олар өздерінің лүпілдерін қою арқылы жеңімпаздарды анықтады.

     1 орын- Шалдай ауылдық кітапхана.

2 орын- Шегірен ауылдық кітапхана.

3 орын- Қарабидай ауылдық кітапхана.

Құттықтаймыз! Еңбегіңіздің  жемісін көріңіздер!!!