Орталық аудандық кітапхана 2019 жылы 24 қазанда Абай атындағы ЖОББМ бірлесіп С.Торайғыров атындағы әмбебап облыстық кітапхананың «Кітап. Тұлға. Заман» атты жобасы аясында достық күніне орай Ресей Федерациясының Құлынды ауданы Керей ауылына «Шарбақты жастары – Тәуелсіздік Жолында» атты іс шарамен барып келді .
Кеш жүргізуші, біздің тұрақты оқырманымыз – Абай атындағы ЖОББМ психологы Смайлова Аймереке Сматовна залды бірден өзіне баурап алды.
Достық күнін өз шығармасындағы арнаумен ЖОББМ мұғалімі Кайролла Хафиз ашты. Қайролла көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі.
Кеш барысында ұлы Абайдың шығармалары оқылды, оларды 8-сынып оқушысы Есімханова Альмира және 9 сынып оқушысы Дәлелхан Камила орындады.
Павлодар музыкалық колледжінің студенті Сайлаубаев Дастанның орындауында Рустембек Омаровтың «Жастық шақ» және Дина апамыздың «Науаи» күйлері шебер орындалып, көрермендерді тәнті қылды.