Monthly Archives: December 2018

«Пою тебя, мой Казахстан!»

IMG_0174Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Орталық аудандық кітапханада жақында баспадан жаңа шыққан, Павлодар өңірінің ақыны Константин Васильевич Луниннің «Пою тебя, мой Казахстан!» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге «Жыр Жаухар» поэтикалық клубының, «Ардагер» клубының, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, №2 орта мектептің оқушылары, әдебиет пен поэзияны сүйетіндер қауымы, сондай-ақ Павлодардан келген құрметті қонақтар: «Найзатас» журналының бас редакторы А.Ә. Әбішев және С. Торайғыров атындағы Облыстық кітапханасының көрмелер мен мәдени бағдарламалар бөлімінің басшысы Тәженова М.А. қатысты.

Read more… →

Аманболсын

IMG_01152018 жылдың 10 желтоқсанында Орталық аудандық кітапхана ұжымы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, сондай-ақ “Нұр-ана әлемі” ҚБ жетекшісі А. С. Смайловамен бірлесіп “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жас ақын, Шегірен ауылының тумасы, қазіргі ПМПУ студенті Жиналған Аманболсынның тұңғыш жыр жинағының тұсаукесерін өткізді.

Read more… →