3 мамыр күні жаңалыққа құмар Шарбақты ауданы үшін тағы бір ерекше күн болды!
Мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын Орталық аудандық кітапханада заман талабына сай жаңаша жабдықталған, «Коворкинг орталығы» ашылды. Ашылу салтанатына Павлодар облысының мәдениет, құжаттама және мұрағат басқармасының басшысы А.Т. Райымбеков, Шарбақты ауданының әкімі Б.Ж. Ибраев, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Р.А. Негманова қатысты. Ардақ Тәттімбекұлы шарбақтылықтарды мұндай маңызы зор оқиғамен құттықтап, смартфондарға арналған виртуалды шынайылықпен көрсететін көзілдіріктерді сыйға тартты. Жастар атынан алғыс білдіріп, Сахипова Сания барлық адамдарды құттықтады.
Коворкинг орталығы пайдаланушыларға әлемдегі қазіргі заманғы үрдістерге ортақтастыру үшін жасалған. Бұл «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстың бір бөлшегі және қазіргі заманғы сананы модернизациялау, дамыту үшін жаңа жағдайлар туғызатын барлық салаларда жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын үлкен ғаламдық жұмысты қамтиды. Осы үрдісті кітапхана да қолдап, мұндай орталықты ашу бастамасы көзделді. Болашақта ол жаңартылып, ары қарай жетілдіріліп отырады.
Read more… →