- Шарбақты ауданында студенттер кітапханаға 48 кітап сыйлады
⠀
Шарбақты ауданында аграрлы-техникалық колледжінің студенттері аудандық кітапханаға 48 кітап тарту етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
⠀
Бұл туралы аудандық кітапхананың кітапханашысы Ақзира Жанайдарова айтты.
⠀
– «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында 12 студент жетекшілерімен бірге келіп, орыс тіліндегі кітаптар тарту етті, – деді Ақзира Жанайдарова. – Олар көркем әдебиет стиліндегі повесттер мен поэзия кітаптары. Атап айтсам, Майн Рид, Сидни Шэлдон сынды белгілі жазушылардың кітаптары мен қатар ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті бар.
⠀
Ақзира Жанайдарованың айтуынша, жыл сайын өткізілетін акция бойынша аудандық кітапхана қорына осы уақытқа дейін 2000-нан астам кітап енген.
⠀
Шарбақты аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашысы Үміт Ахметова шәкірттерінің өздері қайырымды іске ниет білдіргенін жеткізді.
⠀
– Студенттермен қатар тағы екі оқытушы өз кітаптарын ұсынды, – деді Үміт Ахметова. – Шәкірттеріміз өз үйлерінен, жақындарынан жинаған кітаптарды әкеліп жомарттық жасады.
⠀
Айта кетелік, Шарбақты ауданы орталық кітапханасының қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Оның 14 мыңы қазақ тілінде, 66 мыңы – орыс тіліндегі кітаптар. Қазіргі кезде оқырмандар саны 3000-нан асады.
⠀
Оразбек Саяхат
Фото: aikyn.kz - https://www.instagram.com/p/BgxpireBSDQ/
Monthly Archives: March 2018
«Наурыз – қайырымдылық пен мейірімділік мейрамы»
21 наурызда «Ветеран» клубының мүшелері Наурыз мейрамын қарсы алуға мерекелік дастарқанда бас қосты.
Наурыз – бұл біздің халқымыздың мерекесі, бірлік пен гүлденудің, еңбек, бейбітшілік пен достық мерекесі, оны бүкіл Қазақстан елінің барлық ұлттар өкілдерінің тойлайды. Клуб мүшелерін ОКЖ әдіскері А.А. Нұрғалиева құттықтады.
Жүргізушілер қазақ халқының тарихында көптеген әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, әр жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша, жаңа туылған сәбидің құрметіне тойланатын «Бесікке салу» салтын өткізді. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтардың әрқайсысына мерекелік қоржыннан сыйлықтар таратылды.
«Әлемде көктем осы күннен басталады» мерекелік кеш
Көктеммен бірге бізге көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйатын,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі келді.
4 наурызда Орталық аудандық кітапхананың жайлы залында «Ветеран» клубы үшін «Только с этого дня начинается в мире весна» мерекелік кеші өтті. Мерекелік шараның жүргізушілері, Пупышкин Д. мен Зеленская А., клубтың сүйкімді әйелдерін жылы сөздермен және өлеңдерімен құттықтады. Клуб төрағасы Голубничая Н.И. барлықтарына зор денсаулық, жігер, сарқылмас энергиясы тіледі және әр әйелге сыйлықтар ұсынды.
Жиналғандарға клубтың ер адамдары В.Т. Колодежный, В.П. Бражников, Н.А. Шафраненко, Ж.К. Мусабеков, алғыс сөздері мен жақсы тілектерін айтты.
Бұқар жырау Қалқаманұлына 350 жыл.
2 наурызда Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған Абай Құнанбаев атындағы ЖООБМ де оқушылардың қатысуымен іс- шара өтті.
ОАК кітапханашысы / Жанайдарова А.Қ./ Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеп, шығармаларына тоқталлды. Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге сипаттама берді. Іс- шара презентация, видеороликтермен сүйемелденді. Шараның мақсаты: туған жерді сүюге, отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.
«Менің поэзиям – менің жарығым» Коваленко Л.И. өлеңдер жинағының тұсаукесері.
Адамның өз сезімдерін өлең жолдарымен жеткізе білуі қандай керемет.
Біздің ауданымызда көптеген ақындар бар. Әр ақынның өзiне тән талант табиғаты, өзiне тән дүниетанымы бар.
2016 жылы Орталық аудандық кітапханада «Жыр Жаухар» поэтикалық клубы құрылды, содан бері көптеген отырыстар өтті. Клуб мүшелері мұнда еркін, достық атмосферада әңгімелесуге, өздерінің жазғандарын, жүректерінде жинақталған нәрселерін, өлеңдері туралы пікірлерімен бөлісу үшін, тыңдау үшін келеді. Біз осындай талантты клуб мүшелерімізбен мақтанамыз. Бізде бүгінге дейін 3 жыр жинақтарының тұсаукесері өткізілді. Кузьгова Лида, Бектасова Шолпан Кабдрашитовна, Неведомская Галина Иосифовна өздерінің өлеңдерімен қуантты.