28 қаңтарда Орталық аудандық кітапханада «Ветеран» клубының белсенділерінің кездесуі болды. 2018 жылға, Шарбақты ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында құрылатын, клуб жұмысының жоспарын талқылады.Оқырман залының кітапханашысы А. Зеленская «Шарбақты», «Туған өлкем – тұнған шежіре», «Біздің жерлестеріміз туралы» тақырыптық досьелерін ұсынды. Досьелерде
Monthly Archives: January 2018
Үздік оқырмандардың шоқжұлдызы.
Орталық аудандық кітапханада, 2018 жылы кітапханананың жұмыс жасайтын «Барлығы оқиды» жобасының шеңберінде, «Үздік оқырмандардың шоқжұлдызы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Кітапханашылар оқырмандардың оқу жұмыстарының нәтижелері болып табылатын формулярларды мұқият талдап, ең белсенді оқырмандарды анықтады. Олардың жас ерекшелігі, қызметтің түрі, қызығушылықтары әр түрлі Бірақ, оларды біріктіретін нәрсе бар: кітап оқуды жақсы көру, , кітапханаға деген адалдық.
Президенттің Жолдауын талқыладық
11 қаңтарда ОАК оқу залында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауының талқылауы өткізілді. Талқылауға аудандық және балалар кітапханаларының ұжымдары қатысты. Оқырман залының кітапханашысы Зеленская А.И. Жолдаудың құрылымын ашып, Президент басты назар аударған он негізгі міндеттермен таныстырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізудің флагманы болуға тиіс екендігін атап өткендігіне, Директор Г.Естаева назарын аударды.
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП»
«Бір ел – бір кітап 2021» Акциясы
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»
2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынылады.
Поэзия
1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».
Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».
Драматургия
1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».
Балалар әдебиеті
1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».
5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аударма
1.Юсупов Кеңес – Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
2.Әдетов Бекболат – Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
3.Ахметов Әділ – Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
4.Меллат Төлеген – Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
5.Мәзен Динара – Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6.Құрметұлы Амангелді – Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».
Таңғажайып мереке- Жаңа жыл!
«Ветеран» клубында «Таңғажайып мереке – Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Ойындармен, билермен, жорамалдармен ойын- сауық бағдарламасы дайындалды.
Ертегілік Жалмауыз Кемпір /Клубтың мүшесі Мовлян В.П. керемет ойнап шыққан/ Аяз Аталар мен Ақшақарлар сайысын өткізді.
Келе жатқан жыл Сары ит жылы болғандықтан, клуб мүшелеріне «Аяз Ата мен Төбет» жаңа жылдық музыкалық ертегісінде ойнау ұсынылды.