2017 жылғы 29 қарашада «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Ж.Смаковтың төрағалығымен кітапханалық жұмыскерлердің кезекті аттестациясы өтті.
Комиссия құрамына кірді: Жилкибекова А.А. – С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы, Казанцева А.А. – С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың жинақтау бөлімінің басшысы, Естаева Г.А. – директор ММ «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры.