Monthly Archives: March 2017

«Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт»

IMG_20170316_1652302017 жылдың 16 наурыз күні Хмельницкий ауылдық кітапханасында «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш өткізілді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Биылғы жылы аталмыш акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша ҚР Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы, ақын – Несіпбек Айтұлы: «Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі деуге әбден болады. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен бүгінгі «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясына қатысушыларға жалынды ақын, жас ақын С.Торайғыровтың шығармаларын оқуға кеңес беремін», – деді, жалпы отырыстын комиссия мүшелері де бірауыздан «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай “Жыл кітабы – 2017 таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуды ұсынды. Себебі: «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырларымен мәңгі өшпес із қалдырған ақын. Өскелең ұрпақтың идеалына айнала алатын дара да, дана ақынның бірі екені тағы да айшықтала түсті.

Read more… →

«Алғыс күні»

20170228_0820022017 жылы 27 ақпан күні Хмельницкий ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жандельденова Б.С 5-сынып  оқушылармен  Алғыс күніне арналған сынып сағатын өткізді.

Батима Серікпайқызы мемлекет басшысы 1 наурыз күні Алғыс күнін жариялаған себебі, 1995 жылғы 1 наурыз күні ҚР Халқы Ассамблеясы құрылғаның айта кетті.

Кітапханашы әлемдегі мемлекеттерде бір-бірімен сәлемдесу салт-дәстурлерін көрсетуге шақырды

Read more… →