Шарбақты балалар кітапханасының кітапханашылары 20 қантарда № 1 ГС ОМ 6 сынып оқушылар арасында «Зиянды әдеттер» атты танымды сабақ өткізді.
Іс-шара мақсаты : Салауатты өмір салтын қалыптастыруда зиянды әдеттер адамға, қоғамға тигізетін кері әсерін әшкерлеу;зиянды әдеттерден аулақ болуды және өмір сүрудің мәнділігін ұғындыру.Іс-шара барысында балалар «Мақал-мәтелдерді бір сөзбен жалғастыр» конкурсына қатысты, «Сенің денсаулығын» тест сұрақтарға жауап берді. Зиянды әдеттер жайлы мәліметтермен танысты. Шылым шегу тарихымен , Қытый, Туркия және басқа елдерде шылым шегетін оқушыларды қалай жазаланатың,шылым шегу қандай аурударға себепті болатың білді. Сонымен қатар ішімдік пен нашақорлық жайлы және олардың зиянды әсерлері туралы білді.