28 қазанда орталық аудандық кітапханада «Біл ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша «Заманның зарын жырлаған – Дулат ақын» атты әдеби кешіміз өтті. Әдеби кешке «Жыр жауһар» клубының мүшелері және Абай мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара кезінде Дулат ақын туралы бейнероликтер көрсетілді. Қатысушыларға ұстаз ардагер Ахметов Табылды Қанапияұлы Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Хмельницкий ауылының 11 сынып оқушысы Дузелхан Еркебұлан және Абай Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары Шахуова Томирис және Қуанышова Асем ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар қатысушылар «Еспенбет» батыр есіміне мінездеме жасады.
Monthly Archives: October 2016
Шексіз ынтымақтастық
26 қазанда Құлынды ауданының әкімшілігінің шақыруы бойынша «Поющие сердца» (МҮ) тобының өкілдері және «Ардагер» (орталық аудандық кітапхана) клубы Құлынды ауданының «Ардагер» клубында қонақ болып келді. Біздің делегация «Осень жизни» қарттар күніне арналған мерекелік бағдарламасына қатысты.
Құлынды а. аудандық мәдениет үйінің кіші залында барлық қонақтарды жүргізуші әдіскер Н.В. Чистюхина қарсы алды.
Алтай өлкесі Құлынды ауданының Бас әкімшілігі С.П. Балухин құттықтау сөздер айтты: «Әрине, тілеймін сіздерге денсаулық, қажымас қайрат. Шарбақтылықтарға зор бақыт, біздің аудандарымыз арасында ұзақ жылдар бойы достық болсын..”
Сергей Петрович біздің делегацияға Құлынды ауданы туралы кітаптарды сыйлық ретінде салтанатты түрде тарту етті.
“Өзім жайлы толғанамын”
Шарбақты ауданының орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Мерекелік кездесуге «Жыр жауһар» поэтикалық клубының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында жүргізушілер Зеленская А.И. және Балакина М.Қ. Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Осы кездесудің маңызы, ол «Жыр жауһар» поэтикалық клубының мүшесі Бектасова Шолпан Қабдрашитқызының «Өзім жайлы толғанамын…» атты жинағының презентациясы саналды. Шолпан Қабдрашитқызы өзінің шығармашылығын көбінесе туған жеріне – Қазақстанға арнап жазған.
«Өмір әрқашан керемет!!!»
«Забота» егде адамдар үйіндегі мүгедектер күні
«Құрметті достар! Біз сіздерді барлық ықыласпен қарсы аламыз! Біз сіздерге денсаулық, табыс тілейміз» осы сөздермен Мүгедектер күніне арналған «Өмір керемет» атты мерекелік кешіміз басталды, ол «Забота» егде адамдар үйінде өткізілді.
Іс-шара бойы керемет сөздер Е.Ф Рагозинаға және И.В Киндеевқа арналды. Кездесуге өздерінің жанды әуендерімен Мәдениет үйінің жұмыскерлері
“Даңқты мереке мейірімді адамдар үшін”
29 қыркүйекте «Ардагер» клубында Қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді. Мерекелі безендірілген зал көптен күткен қонақтармен толтырылды. Құттықтау сөздер естілді, ұсынылған гүл шоғырлары, өсірілген көкөністер туралы әңгімелесті. Мұнда аяулы үй иелері өздерінің гүл шоғырларын және бақша ғажайыптарын ұсынды, олар: Мороз М.Е., Колодежной В.С., Дайбовой Т.Ф., Коваленко Л.И., Злых Л.М., Курочкиной Г.И.
Мереке ішінде клуб мүшелері өз атына ізгі ниет-тілектер естіді.