Тарихы

«Шарбақты ауданы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2021 жылдың тамыз айында Шарбақты ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі өзінің 45-ші мерейтойын атап өтеді. Алайда, аудан аумағындағы кітапханалардың тарихы әлдеқайда тереңде жатыр. Кітапханалардың ерте шежіресі туралы құжаттар сақталмаған, ол куәгерлердің, бұрынғы оқырмандар мен қызметкерлердің әңгімелері бойынша қалпына келтірілген. Онда-ауданымыздың мәдениетінің пайда болу хроникасы, уақыт пен ұрпақтың рухани байланысы және оның әрі қарай дамуы мен өркендеуіне деген үміт.

1970 жылдары бүкіл Кеңес Одағында кітапханаларды орталықтандыру бойынша жаппай науқаны басталды, оның мақсаты кітапхана жұмысын жетілдіру, кітапхана ісін дамыту, осы мәдени мекемелердің материалдық базасын нығайту болды. Біздің аудан да шетте қалып қойған жоқ. Осылайша, 1976 жылы облыстық мәдени басқармасының шешімімен Шарбақты ауданында бірыңғай орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Біріктіру кезінде ОКЖ кітап қоры бірнеше ондаған мың дананы құрады. Бірыңғай қор кез келген филиалдың оқырмандарына барлық кітапханалардың қорын пайдалануға мүмкіндік берді. Осының арқасында оқырмандар мен кітап беру саны арта түсті. Барлық Біріккен кітапханалар ортақ қор мен мүлікпен, бірыңғай штат пен әкімшілік-шаруашылық басшылығымен бірыңғай мекеме – ОКЖ ретінде қарастырылды. 1931 жылы негізі қаланған Орталықтандырылған аудандық кітапхана бүкіл кітапхана жүйесінің орталығы болып келді және осы күнге дейін болып табылады.

Біріктірудің бірінші кезеңінде кітапхана жүйесіне 44 кітапхана кірді. ОКЖ алғашқы директоры болған Терещенко Мария Григорьевна – қамқорлы, белсенді, жігерлі адам. Бұрынғы әріптестерінің естеліктері бойынша, кітапхана жүйесінде басшы болып жұмыс істеген жылдары Мария Григорьевна өзін талапшыл, бірақ әділ директор ретінде көрсетті. Ол 1983 жылға дейін, құрметті демалысқа шыққанға дейін өз жұмысын атқарды.

1983 жылы Мария Григорьевнаның орнына Татаринцева Наталья Владимировна келді. Ол кезде Наталья Владимировна небәрі 22 жаста еді. Осылайша Наталья Владимировна ОКЖ-нің облыс бойынша ең жас директоры болды, бірақ бұл оның ұжымды 17 жыл бойы үйлесімді және сауатты басқаруына ешбір кедергі болмады.

Тоқсаныншы жылдар кітапхана қызметкерлерінің жадында ең қиын жылдар болып қалды: ақшаның жетіспеуі, штаттардың қысқартылуы, “оңтайландыру”, одан кейін 44 кітапхананың 20-сы ғана қалды. Кітапханаларды дамытуға бюджет қаражаты өте аз бөлінді, жалақы үлкен кідіріспен, қиындықпен беріле бастады. Дәл осы кезеңде ақылы қызметтер енгізіліп, демеушілермен байланыс орнатылып, «Кітапханаға көмектес» атты акциясы тәжірибелене бастады. Кітапханалар бос уақытты ұйымдастыруда белсенді жұмыс істей бастады, тек бос уақытты ұйымдастыру кітапханалардың өмір сүруіне, өзін танытуына және танымал болуына көмектесті. Адамдар кітапханаға тек кітап немесе газет оқу үшін ғана емес, сонымен қатар бұқаралық іс-шараларға, жанның жылуы мен жақсы көңіл-күйге бөлену үшін де келе бастады. Қиын экономикалық жағдай ұзақ уақыт бойы сақталды, тек екі мыңыншы жылдарға жақын кітапханалар жаңа ғасырдың тұрақтылығы мен серпінін сезіне бастады. Дәл осы кезеңде, жаңа компьютерлік және ақпараттық технологияларды енгізу кезінде ОКЖ директоры болып Вирайло Ольга Николаевна тағайындалды. Оның өмір жолы әрқашан кітапхана өмірімен тығыз байланысты болды. Мектептен кейін ол Ермак мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін Шарбақты кітапханасына жіберілді. Көптеген жылдар бойы балалар кітапханасында жұмыс істеді, ал 2000 жылдан бастап Шарбақты ОКЖ-ны басқарды. Кітапхана жүйесін басқарған жылдары Ольга Николаевна өзін жоғары білікті маман, сезімтал әрі қайырымды басшы ретінде көрсете білді.

Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығы үлкен кітапханалық оқиғамен белгіленді. 2003 жылы біздің ОКЖ базасында «Жаңа кітапхана – жаңа ақпараттық қауымдастық үшін «Модельді ауылдық кітапхана» атты республикалық конференция өткізілді. Үш күндік конференция тек Орталықтандырылған аудандық кітапхана қабырғасында ғана емес, сонымен қатар қатысушылар Орловка ауылдық кітапханасына экскурсияға шақырылды. Осыдан біраз уақыт бұрын, 2003 жылы Орловка ауылдық кітапханасы Қазақстандағы алғашқы модельді ауылдық кітапхана болып анықталды, сондықтан барлық қонақтар жұмыстың жаңа бағыты мен мазмұнымен танысуға қызығушылық танытты. Үш жылдан кейін, яғни 2006 жылы аудандық Орталықтандырылған кітапхана базасында кітапхана қызметкерлерінің облыстық конференциясы өтті. 2006 жылдың мамыр айында «Ауыл кітапханасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында Шарбақты ауданының Орталықтандырылған және Орловка ауылдық кітапханаларының веб-сайттары әзірленіп, құрылды.

2010 жылдың маусым айынан бастап Орталықтандырылған кітапхана жүйесін Гүлжан Ахатқызы Естаева басқарады. Басшылық басталған сәттен бастап-ақ, Гүлжан Ахатқызы әкімшінің шеберлігін, ең жақсы қасиеттерін таныта білді, бұл біздің ұжымға жұмысқа қатысты кез келген мәселелерді үйлесімді шешуге мүмкіндік береді. 2012 жылы Гүлжан Ахатқызы ұжымымен бірге Шарбақты ОКЖ күніне орай С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына өз жұмысын ұсынып, онда біздің жұмысымызға оң баға берілді. 2013 жыл оқиғаларға толы жыл болды.

2013 жылдың қараша айында шекара маңы ынтымақтастығы аясында Балалар және Аудандық кітапханалар ұжымы Құлынды ауыларалық кітапханасына барды. Сондай-ақ, 2013 жылы алғаш рет алғашқы үш кітапхана Wi-Fi маршрутизаторына қосылды, бұл кітапханашылар мен интернеттегі оқырмандарға жедел әрі жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Көптен күткен оқиға 2013 жылы Арбиген ауылында жаңа кітапхананың ашылуы болды. 2016 жылы Орталықтандырылған кітапхана «Шекарасыз байланыс. Қызығушылықтар бойынша клубтар» сайысына жеңімпаз атанған «Ардагер» клубының жұмысын ұсынып, кітапхана жанындағы қызығушылықтар бойынша үздік клубы бірінші орынға ие болды.

2017 жылдың ақпан айында Орталықтандырылған және Балалар кітапханалары Чайко көшесі, 39 мекен-жайы бойынша бұрынғы Абай атындағы мектеп ғимаратына көшті. Бұған дейін кітапханалар Чкалов көшесінің 25-де болған.

2017 жылдың қараша айында Шарбақты аудандық Орталықтандырылған кітапханасының қарамағында «Рухани қазына» жобасы аясында «Кітапхана-рухани байлық мекені» атты облыстық семинар өтті. Аталған семинарға облыстың барлық кітапхана мамандары қатысты. Облыстық кітапхананың әдіскері С.С.Жанғазинова Павлодар облысының бұқаралық кітапханалары арасында Үздік мультимедиялық өлкетану веб-ресурсына «Тарих альбомы ашылды» атты сайысын қорытындылап, бірінші орынды Шарбақты ауданының ОКЖ «Александровка-құтты мекен, ырысты өлке» өлкетану веб – ресурсы иеленді.

Біздің кітапханашылардың шығармашылық жұмысы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі, олар үнемі облыстық және аудандық байқауларға қатысып, өз қызметінің жоғары бағасына ие болады. Осындай шаралардың бірі 2018 жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен «Рухани қазына – 2018» Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің I фестиваліне қатысып, «Рухани қазына-2018» байқауының қорытындысы шығарылды, Шарбақты ауданының Орталықтандырылған аудандық кітапханасы директоры Гүлжан Ахатқызы Естаева атынан «Аудандық (қалалық) маңызы бар Үздік мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және 500 мың теңге сертификатпен марапатталды.

Шарбақты ауданында кітапхана ісінің дамуы жаңа серпінге ие болды, инновациялық өзгерістер ауыл тұрғындарының көп аспектілі қажеттіліктерін қамтамасыз етуде жаңа мүмкіндіктер ашты. 2018 жылдың мамыр айында Орталықтандырылған аудандық және Хмельницкий ауылдық кітапханаларында Коворкинг-орталықтардың ашылуы өтті. Коворкингтер пайдаланушыларды қазіргі әлемдегі заманауи трендтермен таныстыру үшін, сондай-ақ кітапхана қабырғаларында уақытты ыңғайлы және танымдық өткізу үшін құрылған.

2019 жылы Балалар кітапханасы қайта құрылып, аудандық кітапханада жаңа бөлім-Балалар әдебиеті бөлімі пайда болды.

2020 жылдың жазында кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының ОКЖ 16 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсететін 20 кітапхананы қамтиды; бірыңғай кітапхана қоры 270000 данадан астам түрлі басылымдарды құрайды; жыл сайын 240 мың дана кітаптар, газеттер мен журналдар беріледі. Бұрынғыдай белсенді мәдени-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл әдеби кештер мен өлкетану оқулары, конференциялар мен презентациялар, әдебиеттерге шолу мен қарау, шығармашылық кездесулер мен кітап көрмелері, іс-шаралар дәстүрлі түрде ғана емес, онлайн форматында да өткізіледі. Жыл сайын аудан кітапханаларында 700-ден астам түрлі іс-шаралар өткізіледі.