“Ардагер” клубындағы 8 Наурыз әйелдер күні

  “Ардагер” клубында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.  Клубтың ер азаматтары Литвинюк Юрий Евгеньевич пен Шафраненко Николай Аврамович әйелдеріміз үшін нағыз мереке ұйымдастырды.  Олар әйелдерді түрлі кейіпкерлер атынан театрландырылған түрде құттықтап, сыйлықтар табыстады. Әйелдер ән айтып, өлең оқып, би билеп, шаттық пен көңілді атмосферасын құрды.  Күн тамаша өтті, жиналғандардың жүрегіне жылулық пен қуаныш ұялады.

Шәкәрім оқулары

Орталық аудандық кітапхана ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында аудандық “Шәкәрім оқулары” байқауының іріктеу кезеңін өткізді. Байқауға Арбаиген, Жаңа-ауыл, Есілбай жалпы орта білім беру мектеп оқушылары қатысып, тізім бойынша берілген өлеңдерді жаттады.

1-орынға Есіркеп Еларыс (Есілбай ЖОББМ),

2-орынға Каркауова Айғаным (Арбаиген ЖОББМ)

3-орынға Искакова Жансая (Жаңа-ауыл ЖОББМ) Мадақтамалармен, қалған қатысушылар байқауға белсенді ат салысқандары үшін Алғыс хаттармен, шағын сыйлықтармен марапатталды. Іріктеуден сүрінбей өтіп, оқ бойы озып шыққан қатысушы облыстық кезеңге жіберілді. Қатысушыға алдағы байқауда сәттілік тілейміз.Шәкәрім мұрасы- ұрпаққа аманат!

Кітапханашылардың қорытынды семинары

Бүгін орталық аудандық кітапханада “Шарбақты ауданы кітапханалар жүйесінің кітапханаларын дамытудың нәтижелері, тәжірибесі және келешегі” аудандық семинар ұйымдастырылды. Кітапхана жұмысында озық іс-тәжірибені пайдалану, түйінді мәселелерді зерттеп-зерделеу, заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, жаңа технология дамыған заманда оқырманды кітапханаға тарту, кітапханашылар арасында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында өткізілген семинарды кітапхана директоры Г. Естаева ашып, кітапханашыларға сәттілік тіледі.

Read more… →

Сәкен сыршыл ақын

15 ақпанда кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы және ақыны Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен сыршыл ақын» әдеби қонақ бөлмесі өтті. Кездесуге белсенді оқырмандар мен оның шығармашылығының жанкүйерлері қатысты. Шара домбырашының өнерінен басталды. Сымбат Ханай «Тау ішінде» әнін орындады.

Read more… →

Өлең шақырады…

25 қаңтарда “Жыр жауһар”поэзия клубы қатысушыларының келесі кездесуі өтті. Клуб 2016 жылы құрылды, бұл клуб тек поэтикалық жолдарды жазатын адамдарды ғана емес, сонымен қатар поэзияға бей-жай қарамайтын егде жастағы адамдарды біріктірді

Read more… →

Ескі Жаңа жылды біз бірге қарсы аламыз – би билеп, әзіл айтып, ән айтамыз!

Ескі Жаңа жылды біз бірге қарсы аламыз – би билеп, әзіл айтып, ән айтамыз!”- осындай ұранмен 14-қаңтарда кітапханадағы “Ардагер” клубымен 2024 жылғы алғашқы кездесуіміз өтті

Read more… →