Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Сұлтанмахмұт Торайғыров өз халқының құқығын көрғаған әйгілі жас ақындары бірі Ұлт үшін күрескен қайраткер. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.
Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті .
«Бір ел-бір кітап» аясында Шарбақты орталықтарылған балалар кітапханасында Торайғыров оқулықтары өтті. Оқулықтарда ауданымыздың мектептерінің келген 6-9 сынып оқушылар 35 бала қатысты. Сайыскерлер ақының өлендерін мемлекет және орыс тілдерінде оқыды: «А, дүние», «Мен қазақ», «Айт», «Шығам тірі болсам, адам болып», «Шәкірт ойы», «Листья», «Дождь над Сары-Аркой», «Родина» және басқаларды. Пернебек Бағлан ақынға арналған «Сұлтанмахмұт атама арнау» өз шығармасын оқып берді. Әділ қазылар алқасы оның ішіне тілбілім мамандары болды шешімімен 1 орынға – Граф Даша ( Щербакты а.№2 НМ), Ждлеуова Сабина ( Алексеевка а.)
2 орынға- Бейсенбаева Алина ( Щербакты а.№3ОБМ), Сүюныш Өміргүл (Шегірен а.)
3 орыға- Уахитова Мөлдір (Жылы-бұлақ а.), Толстая Настя ( Красиловка а.) іе болды. Түпнұсқалық орындау үшін номинация бойынша-Фидищенко Анжела ( Малиновка а.), Боярова Регина (Карабидай а.), Ризабек Ултуған (Хмельницкий а.), Рыжая Ксюша (Щербакты а. ГС№1 ОБМ ), Селлер Катя (Назаровка а.), Қабдолла Әлішер ( Жылы-бұлақ а.),
Актерлық шеберлік -Сейфолла Аспандияр(Жылы-бұлақ а.), Темірбек Батырхан ( Щербакты а. Абай Құнанбаев атындағы ОБМ), Нуржанова Дария (Жаңа-ауыл а.), Жанбулатова Альмира (Арбигень а.) және т.б. Қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаталды. Шара Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнін қолдауымен өтті.