
18 тамыз күні Орталық аудандық кітапханада жас суретші Тілеубердинова Заринаның “Радуга творчества” жеке көрмесінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттауға біздің ең белсенді оқырмандарымыз қатысты.
Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А. А. Нургалиева Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Заринаға шығармашылық табыс пен жеңіс, жаңа шабыт тіледі. Залда отырғандардың барлығы марапаттау қуанышымен бөлісті.