Аудандық кітапханаға жаңа кітаптар келді, оның ішінде «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: тұлғалар энциклопедиясы» түскенін қуана хабарлаймыз. Кітап оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз елдің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады.
Кітапхана. Ақпарат. Оқырман
24 ақпанда «Шарбақты ауданының орталық кітапхана жүйесі» ZOOM платформасында «Кітапхана. Ақпарат. Оқырман» атты қорытынды семинар өткізді. 21 адам қатысты. Семинарды «Шарбақты ауданы әкімдігінің орталық кітапхана жүйесі» КММ директоры – Естаева Г.А. ашты.
Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің бастығы Рудовол С.А. жиналғандарды 2020 жылдың қорытындыларымен таныстырды. 2021 жылға арналған жаңа мақсаттар қойылды. Бұл «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Парасат жолы» жобасы аясында, жастар оқуы жылы аясындағы кітапханалардың жұмысы. Екінші мәселе бойынша
Бір ел – бір кітап
2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалыққа оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі ұсынылады. Бүгін де біз «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Кітап серуені» жобасын аша отырып, «Алатаудың ақиық ақыны –Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныс боламыз.
Жаңа кітап клубы ашылды
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарда кітап және оқу әуесқойларын біріктіретін “Book club” кітап пікірталас клубының ашылуы өтті. Клуб жетекшісі Абай Құнанбаев атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы – Естаева Адина. Клуб қатысушылары клуб отырысының негізгі мәселелерін талқылап, жаңа кездесулердің жоспарын жасады, алдағы айда оқуға және талқылауға арналған кітапты таңдады. Орталықтандырлыған аудандық кітапхана қатысамын деушілерге “Book club”-қа шақырады.
Директорды марапаттау
31 желтоқсан күні Шарбақты ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Б.Ж.Смаков орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.А.Естаеваны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының “Кітапхана ісінің үздігі” төсбелгісімен марапаттады.
Тұңғыш Президент күні
Тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау күні және Қазақстандағы халық бірлігі мен келісім күні. Бұл күні Шарбақты ОКЖ ҚР Тұңғыш Президентіне арналған ZOOM платформасында конференция өткізді. Мәдениет және спорт бас маманы Нургалиева Асель Адиловна Шарбақты ОКЖ барлық кітапханашыларын және мәдениет қызметкерлерін дөңгелек үстелге жинады.