
2022 жылғы 23 желтоқсанда аудандық орталық кітапханада «Кешкі кітапхана» жоба аясында «Билік және азаматтық қоғам» дөңгелек үстелі өтті.
Шараның модераторы мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Нұрғалиева А.А. қонақтарды құттықтап, сөз кезегін аудан әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Е.С.Оспановқа берді. Ербол Сағындықұлы Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына тоқталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне де тоқталды. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Негманова Ризагүл Алексеевна Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараларға тоқталды. Еліміздегі азаматтық қоғамның белсенділігін аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кирьянов Д.Н. атап өтті. «AMANAT» партиясы Шарбақты аудандық филиалының жауапты хатшысы Абылқайырова А.Б., Абай Құнанбаев атындағы мектеп директоры Жакупова Н.О., «Мила» ҚБ жетекшісі Сидоренко Л.И., волонтер Астаева М.К өз ойларын ортаға салды.