Ақпарат

Адал болу оңай ма?

“Парасат жолы” республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында Орталық аудандық кітапхана “Адал болу оңай ма?” блиц-сауалнамасын өткізді.

Кітапханашылар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы халықтың пікірін зерттеу мақсатында Шарбақты ауылының көшелеріне шықты. Сауалнамаға қатысушылардың жауаптары көбінесе дұрыс, сауатты болды, ауыл тұрғындары сыбайлас жемқорлықтың тұрмыстық және мемлекеттік нысандары туралы жақсы хабардар. Сауалнамаға қатысушылар жоғары құқықтық мәдениетті, өз құқықтары мен міндеттерін білетіндігін көрсетті.


Парасат жолы

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз».

Сонымен бірге бүгінгі күні халыққа кеңінен насихатталып жатқан Әділдік, Парасаттылық, Сенім елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағатталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады.

Қоғамда заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша көңіл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті болып отыр. Шарбақты орталық кітапханасында ауданның бас имамы Исабеков Ақжол Адалдық,парасаттылық тақырыптарына онлайн сұхбат берді.