Алаштың Әлиханы

2016 жылы  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өткізілді. Осы орайда орталықтандырылған кітапхана жүйесінде осы тұлғаға байланысты кітаптар қорынан алынып виртуалды көрме ұсынылды.

001 - копия

Букейхан А. Таңдамалы-Избранное. 1-книга. Алматы: «Өлке» баспасы, 2002 ж. 248бет.

Қазақтың ұлы қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалымы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі кеңес дәуірінде бір жақты қаралып, соның салдарынан оның өмірімен ғылыми шығармашылығы мүлдем зерттелмей қалды. «Алаш мұрасы» сериясы бойынша ұсынылып оырған «Ә.Н.Бөкейхан. Таңдамалы-Избранное» аты бұл жинаққа оның монографиялары енгізілді.

Я великиго казахского общественного и политического деятеля начало ХХ века,выдающегося ученого Алихана Нурмухамедулы Букейхана мало знакомо широкому кругу чтателей. Данная книга содержит его монографии. Переиздается в серии «Алаш мұрасы».

001

Бөкейхан Ә. Таңдамалы. 2-кітап. Алматы: Өлке баспасы, 2003 ж. 224 бет.

«Алаш мұрасы» сериясы бойынша ұсынылып оырған Ә.Н.Бөкейханның таңдамалы шығармалар жинағына мақалалары мен зерттеулері енгізілді.

002

Бөкейханов Ә.

Б 78 Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 бет.

Кітапқа ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, Алаш партиясының негізін қалаушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың Қазақ газеті және басқа басылымдарда жарық көрген еңбектері, сондай-ақ ұлы күрескерге кезінде замандастары тарапынан көрсетілген құрметті айғақтайтын материалдар енді. Жеке кітап түрінде тұңғыш жарияланып отырған бұл материалдар арқылы оқырманның аса құнды мәліметтер ала алатындығы даусыз.

Еңбектер түпнұсқа түрінде берілді.

Көпшілік оқырманға арналады.

0012222 (2)

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Сардар, 2014, 528 бет.

Бұл энциклопедялық анықтамалыққа Алаш қайраткерлері мен қатысушылардың өмірбаяны, Алаш қозғалысына, партиясына қатысты ұғымдар мен атаулар, сол кезеңнің тарихи-қоғамдық, мәдени, әдеби дамуын байқататын мағлұматтар енгізілді. Алаш қозғалысына қатысқан тұлғалардың деректі тізімі жасалып ұсынылды. Сондай-ақ, Алаш қозғалысын, оның қайраткерлерінің өмірі мен шығармашыоығын зерттеп жүрген ғалымдаржөнінде де мәліметтер берілді.

Анықтамалық оқытушыларға, ізденушілерге, мектеп оқушыларына, студенттерге, магистранттарға, ұлтының тарихын танимындеген жалпыкөпшілікке арналған.

0012222 (1)

Ұлт рухы: қанаты сөздер/Е.Зәңгіров – Алматы: «Arna-b», 2015. – 160 бет.

Бұл кітапқа Алаш қайраткерлерінің Отан, Ел, Тіл, Діл, Жер, Шекара, Білім Патриотизм туралы айтқан қанатты сөздері топтастырылған.

Алаш қайраткерлерін ұлықау, ол – Тәуелсіздігімізді асқақтатумен бірдей. Ұлы мұрат жолында ұоанғайыр ерлік көрсеткен оларды қалай құрметтесек тежарасымды.

Кітап көпшілік қауымға арналаған.