Қарттар күніне арналған демалыс кеші.

IMG_013730 қыркүйекте «Ветеран» клубында Қарттар күніне арналған «Мудрой осени счастливые мгновения» атты іс-шарасы өтті.

Мереке барысында клуб мүшелері бір- бірлеріне шын жүректен зор денсаулық, тамаша көңіл-күй және ұзақ ғұмыр тіледі.

«Ветеран» клубының төрағасы Голубничая Надежда Ивановна қонақтарға жылы сөздерін жолдап, оларға денсаулық пен бақыт тіледі.

М.Е.Мороз, З.Ж.Жакишев, В.П. Бражник, Ю.Е. Литвинюк те барлықтарын мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін жолдады.

Оған қоса, 2011 – 2017 жылдардағы клубтағы Қарттар күнін мерекелеу фотосуреттерімен безендірілген презентация тамаша тосын сый болды.

Мереке жүргізушілері осындай лирикалық және көңіл жайланатарлық атмосфера құрды. Көтеріңкі көңіл- күймен қонақтар қызықты қарт адамдар үшін жаттығуға, «Богиня» музыкалық ертегісіне, би флешмобына, ойындар мен жарыстарға қатысты.

Мереке бойы жанды музыка ойналды. Ән сүйетіндер – ән шырқады, билегілері келгендері – биледі. Ал бұл керемет әуенді В.Т. Колодежный тарту етті.

Қарттар күні көңілді әрі қызықты өтті. Әңгіме үстінде уақыт байқаусыз өтіп кетті. Қарт адамдардың өміріне қуаныш әкелетін мұндай кездесулердің бұрыннан қалыптасқан дәстүрге айналғаны өте қуантады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

2 × two =