«Қазақстанның үздік білгірлері»

201220172017 жылдың 15 желтоқсанында Орталық аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстанның үздік білгірлері» атты интеллектуалды- танымдық ойын өткізілді. Іс- шараға Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ мен №2 негізгі мектептің 9- сынып оқушылары қатысты. Бұл ойынның мақсаты, оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан – жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Ойын «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді», «Тарихсыз халық жоқ», «Көркем сөз», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты негізгі төрт кезеңнен тұрды. Оқушылар өздерінің білімпаздықдарын, ой ұшқырлығын, жан- жақтылығын көрсетті. Қатысушылар мадақтамамен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

nineteen − 13 =