«Тұғыры биік парасатты тұлғалар»

i (2)2019 жылдың 6 қарашасында Орталық аудандық кітапхана базасында Хмельницкий ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жандельденова Б.С. оқырмандар назарына «Тұғыры биік парасаттық тұлғалар» атты әдеби вернисажын өткізді. Іс-шара «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өтті. 2019 жылы Қазақстан Ә.Тәжібаевтың поэзиясын және Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын оқиды. Бәтима Серікбайқызы слайд-презентация дайындап, акция тарихына тоқталды. Хмельницкий орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сесер Ләйлә Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өмірі және Әбділда Тәжібаевтың тағдыры туралы қызығушылықпен мәлімет дайындады. Хмельницкий орта мектебінің 11-сынып оқушылары Таяхбай Зейнеп, Жанболат Мөлдір, Манас Гүлжайна Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін оқып, Ә.Тәжібаевтың «Жомартты кілем» пьесасын қойды. Іс-шара соңында ОКЖ жетекшісі Г.Естаева қатысушыларға алғыс хаттары мен кәдесыйларын тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

five + twenty =