Орталық аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы және Облыстық кітапхананың «Павлодар Торайғыровты оқыйды» жобасынының аясында «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» оқырман конференциясы өткізілді, оған ауданымыздың қоғамдық, мәдени қауымның өкілдері, біздің әріптестер, жастарқатысты.
Іс-шараны Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Жусупов Қ.Қ. ашты.
Іс-шараға белгілі павлодарлық ақын, технологиялық ғылымдардың кандидаты, суретші – кескіндемеші К. В. Лунин шақырылды. Константин Васильевич С. Торайғыровтың өлеңдерінің аудармаларын, сондай-ақ «Торайгырову поэту-демократу» арнауын оқыды.
Шегірен мектебінің балаларын атап өту керек, олардың орындауында ақынның өлеңдері оқылды және Жаналған Аманбол ақынға арнаған өлең жолдарын оқыды. № 2 ЖББМ оқушысы Граф Д. «Летняя печаль» өлеңін оқыды. Ал этномәдени бірлестіктердің өкілдері арнайы оқырмандар конференциясы үшін Торайғыровтың өлеңін өз тілдеріне аударып оқыды. «Я бы солнцем взошел…» өлеңі қазақ, орыс, украин, татар, неміс тілдерінде оқылды.
«Шарбақты-Теміржол» аға бақылаушы – капитан Жұмадилова А.Б., сонымен қатар Білім беру бөлімінің маманы Серик А. ақынның өлеңдерін оқыды.
Осы жылы Алаш партиясының 100 жылдығы аталуда және С. Торайғыровтың шығармалары ұлттық рухты көтеру үшін үлкен рөл атқарды. Барлық қазақ зиялыларын еске алу үшін слайдтық презентациялар фонында Сайлаубаев Д. орындауында күй шертілді.
Іс-шараның қатысушыларына бейнеролик көрсетілді, онда әр түрлі кәсіби салалардағы адамдар ақынның шығармаларын оқыды.
Шарбақты ОКЖ директоры Естаева Г.А. Екібастұз ОКЖ әдіскері Г.Ж. Турегельдиноваға эстафетаны табыс етті.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімінің басшысы Аулбаева А.Р. қорытындылай келе, акция халық арасында танымал және оқырмандардың ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын оқыйтынын атап өтті.
Қорытындылай келе жүргізушілер еркін микрофонды ашты, онда барлық қалаушылар ақынға деген махаббаттарын білдірді, алған әсерлерімен бөлісті.