
Жаңа жыл – бұл жарқын, ерекше мереке, ертегі ғажайыптары мен сиқыр мерекесі, сыйлықтар, тосынсый мен тілектердің орындалуы.
Жаңа жыл қарсаңында Балалар әдебиеті бөлімі ППТК тәрбиеленушілеріне «Біз Жаңа жылды қарсы аламыз!» атты жаңа жылдық саяхат ұйымдастырды. Келген қонақтар ойындарға қатысып, өлең оқып, Аяз Атаға ән айтып, би биледі. Аяз Ата да жас бүлдіршіндерді сыйлықсыз қалдырмады, балалар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне оралды.