2017 жылғы 11, 12 мамыр күндері ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қаласындағы филиалы кітапхана қызметкерлеріне арналған «Оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында Красиловка ауылдық кітапханасының кікітапханашысы Кизатова А.К және Алексеевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кунц Е.И қатысты.
Семинардың бағдарламасы жан жақты және қызықты болды. Семинар барысында лекциялар оқылып, тренинг, мастер-класс, практикалық сабақтар өткізілді. Балалардың оқу мәселесіне қарасты инновациялық жобалар мен бағдарлар қарастырылды.