Оқу көшбасшылары

«Шарбақты ауданы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де дауыстап мәнерлеп оқудан «Оқу көшбасшылары» аудандық чемпионаты өтті.

Чемпионат С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бастамасымен өткізілді және ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналған.

Чемпионатқа 16-30 жас аралығындағы аудан өкілдері қатысты. Бірінші раундта қатысушылар прозалық шығарманы мәнерлеп оқумен жарысты, ал екінші раундта өлең оқыды.

Оқу тізіміне «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітаптар тізіміндегі кітаптар, сондай-ақ павлодарлық жыл мерейгер авторларының шығармалары енгізілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаз дипломын Галкино ауылының 11 сынып оқушысы Жомарт Майгүл иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

10 + eight =