«Отанымыздың жүрегі – Астана»

IMG_00754 шілде күні Орталық аудандық кітапханада, «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің филиалының басшысы А.С. Смайловамен бірлесе, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған танымдық шара өтті. Бұл мерейтой – еліміз үшін үлкен тарихи оқиға. Танымдық шараға «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің филиалының өкілдері зейнеткер апаларымыз бен ауданымыздың жас буын өкілдері қатысты. Шара телевизиялық «Кім мықты?» танымдық шоу үлгісінде өткізілді. Ойын 5 айналымнан тұрды: 1 айналым – «Сұрақ –жауап», 2 айналым – «Көрейік – Тыңдайық», 3 айналым – Рас пен жалған, 4 айналым – «Бұл не?, 5 айналым – «Караоке». Осындай айналымнан тұратын ойын барысында алдыңғы буын өкілдері, зейнеткер аналар тобы жеңіске жетті. Ойын соңында кітапхана жүйесінің директоры Естаева Г. А. барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен маратпаттады. Ауданымыздың талантты да, жас домбырашылары Дастан мен Нұрғиса күй тартыспен көрермендерді тәнті етті. Ойынымыздың қатысушы болған Шолпан Қабдрашитқызы Бектасова апамыз өзінің жүрегінен шыққан Астананың 20 жылдығына арналған «Арман қала – Астана» өлеңін оқыса, Смайлова Асем «Астана» әнін шырқады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

thirteen − five =