Кітапхана – рухани байлық мекені

DSC_0089Өткен аптаның бейсенбісінде аудандық кітапханада дәл осындай атаумен облыстық семинар – departure өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және осы бағытта қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейтін алқалы басқосуға облыстың барлық аудандарының кітапханашылары, сонымен қатар С.Торайғыров облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.Жилкибекова, аталған кітапхананың әдіскері С.Жанғазинова, «Рухани қазына» бағдарламасының жетекшісі А.Козбаева қатысты.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары Р.Неғманова ашып, өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды. Еліміз бойынша қолға алынып жатқан рухани бағдарламасы, оны жүзеге асыруға кітапханалардың қосатын үлесі жөнінде айта келе семинар жұмысына табыс тіледі. Және де ауданда осы бағытта көп жұмыстардың жоспарланғанын, оның бірқатарының жүзеге асырыла бастағанын да атап өтті. Бұдан соң облыстық кітапхананың әдіскері семинарға қатысушыларға арнаған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының құттықтау хатын оқып берді.

Семинарға қатысушылар алдында Шарбақты аумағындағы мәдени саясаттың жаңа бағыты туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Смаков баяндады. Бөлім басшысы бұл бағыттағы бағдарламалардың маңыздылығына тоқтала келе алда тұрған басты міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру екенін атап өтті. Ауданның мәдениет саласының жұмысы да ауқымды. 107 клубтық ұжымдар болса, олардың мүшелер саны – 840 адам, сонымен қатар қатарында 576 адамы бар 84 көркемөнерпаз ұжымы жұмыс істейді екен. Б.Смаков аудандағы мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Рухани жаңғыру мен кітапхананың жұмысы бір бағытта өрбиді десек болады. Себебі кітапхана – рухани орда. Осыған орай семинарда А.Жилкибекова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы кітапханалардың рөлі атты кең көлемді баяндама жасады. Соның ішінде рухани жаңғырудың өзекті бағыты болатын «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға кітапханалар үлкен үлес қосып келеді. Осыған орай облыстық кітапхана «Менің қайталанбас өлкем» атты жобаны қолға алған екен. Осыған орай облыстық барлық аудандық кітапханаларында маңызды жобалар қолға алынған екен. Атап айтқанда Баянауыл аудандық кітапханасы «Баянауыл – туған өлкем», «Ана тілі», «Ата салтым – асыл қазынам», «Мәдени мұра» бағдарламаларын қолға алыпты. Шарбақты аудандық орталық балалар кітапханасы «Шарбақты ауданының 100 тарихи есімі» жобасын жүзеге асыруда. Осы бағыттағы маңызы жоғары жобалар облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылуда. А.Жилкибекова кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуі, ғаламтор мен электрондық-ресурстық мүмкіндіктерді кітапхана жүйесінде кеңінен тоқталуға тоқталды. Бұл кітапхананы дамытудың басты бағыты. Бүгінде облыстық кітапханада 5 желілік жоба қолға алынған. Сонымен қатар «QR кітапхана» өлкетану жобасы жұмыс істейді. Жалпы алғанда, кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы рухани жаңғырудағы кітапхананың рөліне кеңінен тоқталды.

Аталған семинарды Шарбақты ауданында өткізудің себебі де жоқ емес. Себебі аудандағы кітапханалар жақсы жұмыс істеп келеді. Семинарда Павлодар облысының кітапханалары арасында ұйымдастырылған «Тарих альбомы ашық» үздік мультимедиялық веб-ресурсы конкурсының қорытындысы шығарылып, бірінші орынға Шарбақты орталықандырылған кітапханалық жүйесі ие болды. Семинарда «Александровка – құтты мекен, ырысты өлке» атты жергілікті сайттың тұсаукесері өтіп, аталған веб-ресурс конкурсына белсенді қатысқаны үшін аудандық орталық кітапхананың библиографы О.Голубничая мен бағдарламашы А.Оспанов марапатқа ие болды.

Семинарда «Рухани қазына» бағдарламасының жетекшісі А.Козбаева жалпыұлттық бағдарламаның негізгі бағыттары туралы айтып берді. Түстен кейін семинарға

қатысушылар өлкетану музейімен аудандағы киелі жер болып табылатын Ғабдыл Уахит хазірет Тіленшіұлының кесенесінде болды.

Г.Естаева, Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

three + seven =