«Кітапханалардың өлкетанулық қызметі»

1592018 жылдың 5 ақпанында Орталық аудандық кітапханасында «Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: үлкен мүмкіндіктер аймағы» атты семинар өтті.

Шарбақты ауданының 90 жылдығын және Павлодар облысының 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында, бұл бағыттағы жұмыс айрықша басты маңызға ие.

Семинарды ОКЖ директоры Г.А. Естаева ашты. Гүлжан Ахатқызы барлықтарын, Шарбақты ауданының мерейтойы қарсаңындағы, берілген аудан әкімінің тапсырмасымен таныстырды.

Осылайша, аудан энциклодиясы шығарылатынына байланысты, жергілікті өлкетану бойынша жұмыстарды жүйелеуге міндеттеді. Ал, 5 наурызға дейін кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын ретке келтіру екендігін айтты.

Ол өлкетанудың ауылдық жерлердегі кітапханалардың жұмысында маңызды рөл атқаратындығына назар аударды. Дәстүрлі түрде жергілікті кітапхананың өлкетанулық міндеттері – материалдар жинау және оқырмандарға олардың ауданы мен ауылының даму тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі туралы ақпараттандыру. Міндетті түрде жинақ папкалары, облыс, аудан бойынша және жеке ауыл бойынша тақырыптық досьелер жинақталуы керек.

Библиограф О.А. Голубничая ауылдық кітапханалардың өлкетану жұмыстарына талдау жүргізді. Күшті және әлсіз жақтарды көрсетіп, бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Орталық аудандық кітапханасында сақталған өлкетану папкалары мен тақырыптық досьелерін көрсетті. Ал, ауыл кітапханашыларына 2- наурызға дейін өздерінің материалдарын осындай папкаларға жүйелеу міндетін қойды.

Әдіскер – Нұрғалиева А.А. жас кітапханашыларға арналған практикумдар жоспарын ұсынды.

Семинар соңында кітапханашылар А.И. Зеленская және Б.К. Жүсіпова күнделіктерді толтыру бойынша мастер-кластарын өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

13 + 9 =