Конституция күні

Конституция күні – ерекше қастерлі мереке, өйткені елдің негізгі заңы-бұл халық немесе халық атынан қабылданатын және елдің барлық азаматтарының негізгі құқықтарын бекітетін құжат.

Конституция күнін мерекелеу аясында Орталық аудандық кітапханада ZOOM режимінде “Ата Заң – ардағымыз, айбарымыз”атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жүргізушісі М.С. Тілеубердинова қатысушыларды құттықтап, Орловка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.А. Мащенкоға алғашқы сөз берді. Наталья Анатольевна ҚР Конституциясының құрылу және даму тарихымен, оның құрылымымен таныстырды.

Құқықтық бөлім басшысы Е.С. Оспанов өз сөзінде Конституцияның қазақстандықтарды шоғырландырудың құқықтық құралы ретіндегі рөлін атап өтті.

Негізгі заңның 7-бабы тілдердің қолданылуына арналған. Ауданымыздың тілдерді қолдану ісімен Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Кадас Казына таныстырды.

Кітапханашы А.Зеленская қатысушыларға “Конституция туралы қызықты деректер” ролигін ұсынды.

Кітапхана ісінің ардагері Н.Ю. Шмальцель құттықтау сөз сөйледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

3 × five =