Конституция күніне орай зияткерлік ойыны

4

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 26 тамызда ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Ата заң – алтын ереже» зияткерлік ойыны өткізілді.  Іс-шараға әр-түрлі салаларда жұмыс істейтін жас мамандар қатысты. Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Одан кейін «Конституция – мемлекеттің Ата Заңы» бейнеролигі көрсетілді.

Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды, олар «Сөйлемді аяқта», «Викторина», «Ақиқатты қалпына келтіру», «Керекті сөздер қой». Екі команда «Атамұра» және «Астана» Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білімдерін көрсетті. Сайыстың жеңімпазы “Атамұра” командасы болды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

31

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

18 + fourteen =