«Как прекрасен этот мир» ретро-кеші

IMG_0132Орталық аудандық кітапханада «Как прекрасен этот мир» деген атпен «Ардагер» клубының мүшелері үшін ретро кеш өтті.

Ретро кеш мерекелік, жанданған көңіл күйде болды. Жиналған клубтың мүшелері тек қана көрермен болып қана емес, белсенді қатысушылары да болды, олар ән шырқап, би билеп, естеліктерімен бөлісті.

Кештің шығармашылық бағдарламасында А. Герман, Е. Хил, М. Кристалинская, Е.Пьеха және тағы басқалардың орындауындағы сол кездердегі танымал және сүйікті әуендер тыңдалды.

«Поющие сердца» тобы, Л.М. Полешко және О. С.Штенгаур өздерінің орындауындағы әндермен кешті көркейте түсті.

Кинематографтарға арналған «Сүйікті фильмдердің қанатты сөздері» , сүйікті әндер аукционы өткізілді.

Ретро кеші клуб мүшелерін үлкен рахатқа бөледі. Олар өзара әңгімелесіп, өткенге оралып,сайыстар мен ойындарға қатысуға мүмкіндік алды және «ретро» стиліндегі би әуендері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

five + fourteen =