
Бүгін «Кешкі кітапхана қонақтары» Абай атындағы мектептің 9, 10 сынып оқушылары болды. Оларға «Жыр төгемін жанымнан» атты әдеби салон өткізілді
Бұл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясына арналды. Кітапханашы А.К.Кизатова оқушыларға қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы , лингвист – ғалым , әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірі туралы әңгімеледі.Осы әдеби салонды өткізуге оқушылардың өздері белсенді қатысты.Бірлескен жүргізушілердің әрқайсысы Нұрғабыл Парасат, Ержан Мерхат,Кабдулинова Анель А.Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды.Соңында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы» атты тақырыптық көрме бойынша шолу жүргізілді.