
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге бізге тамаша мереке сыйлайтын – әрбір жаны нәзік қыз келіншектер көңіл аулайтын, көздің жауын алатындай әлемге айналатын 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы келеді.Осыған орай «Ардагер» клубында жылы кездесу өтті.
Құттықтаумен, денсаулық, бақыт, амандық тілей отырып, клуб төрағасы Вираило О.Н. сөз сөйледі.
Ал клубтың жігіттері Колодежный Василий Тимофеевич, Жүсіпов Ермек Айтмұхамбетұлы,Литвинюк Юрий Евгеньевич пен Шафраненко Николай Авраамович көктемгі кездесуді жылы лебіздермен, өлеңдермен, очерктермен мерекені толтыруға тырысты.