
«Игі істер» акциясы аясында Шарбақты орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Жылу мен мейірімділік күні» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарламада қонақтары ерекше білімге мұқтаж балалар болды. Балалар сайыстар мен ойындарға белсене қатысып, өз қабілеттерін көрсетті.Ұлдар мен қыздарға тәттілер қойылған мерекелік дастархан жайылды. Шара соңында балалар естелік сыйлықтарға ие болды.