
9 мамырда ардагерлер клубының мүшелері «Есте сақтаймыз! Құрметтейміз! Мақтанамыз!» мерекелік кездесуін өткізді. Кеш жүргізушілері Литвинюк Ю.Е. және Борисова С.А. «Қазақстан халқы Екінші дүниежүзілік соғыста» және «Шарбақты батырлары» бейне-презентпцияларын қосып екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың қосқан үлесі мен ерлігі туралы әңгімеледі.
Клуб төрағасы Вираило О.Н. жиналғандарды мерекемен құттықтап, тыл еңбеккерлеріне Мороз М.Е., Лазаренкова Н.Г., Бунчук В.В., Паровая Л.П., гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті. Біз де 90 жасқа толып отырған клубымыздың қарттары, құрметті М.Е.Морозды құттықтадық!
Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В.И.Косенконың құттықтауы көңілге қонымды болды. Валентина Ивановна баршаны мерекемен құттықтап, бейбіт аспан, жиналғандарға зор денсаулық тіледі. Коваленко Л.И. Ұлы жеңіске арнаған өз шығармасынан өлең оқыды.
Колодежный В.Т сүйемелдеуімен «Әнші жүректер» вокалдық тобы баянмен соғыс жылдарындағы әндерді орындады.