Ерлік сағаты

Екі керемет мереке жақындап келеді-Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Мереке қарсаңында аграрлық-техникалық колледж студенттері үшін «Ерлік туралы. Даңқ туралы: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар» ерлік сағаты өткізілді. Кітапханашы А.Зеленская Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі, ҰОС жылдарындағы қазақстандық батырлардың жауынгерлік еңбегі, тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбегі туралы айтып берді.

«Мила» ҚБ жетекшісі Л.И. Сидоренко Шарбақты батырлары туралы айтып берді. Викторина ойынын өткізді, онда балалар сұрақтарға жауап бере отырып, өз тапқырлығын көрсетті.

Балалардың қызығушылықтарын кітап көрмесі тудырды, онда қаһармандық, ҰОС-дағы қазақстандықтардың ерліктері туралы баяндайтын кітаптар ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

2 × 2 =