«Адалдық алаңы» жобасы аясында 6 сәуір күні ОАК «Жемқорлықсыз қоғамға» атты дөңгелек үстел өткізді, бұл дөңгелек үстелге Шарбақты ауданының соты (судьясы)- С.Ж.Садуақас, “Sharbakty” газетінің директоры А.Б.Абылкаирова, мемлекеттік қызметінің ардагері-С. В. Шпехт, әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі С.А.Рудовол, Хмельницк а/о Ардагерлер кеңесінің төрағасы-Н.К.Бородкина, ауыл әкімдері, бөлім
- басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудан жұртшылығы мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел аралас форматта: онлайн және оффлайн түрде өтті. Сот (судья) С.Ж.Садуақас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін ауқымды іс-шаралар мен жобалар туралы нақты және толық түсінік берді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің қатысушылары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын және бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет және мәдениет арқылы парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттауды атап өтті. С.В.Шпехт пен А.Б.Абылкаирова «Парасат жолы» бұрышы кітапханада адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету мақсатында ашылғанын атап өтті. Әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі аудан кітпхананың осы бағыттағы жұмысымен таныстырды. Дөңгелек үстел соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті екендігі және елдің дамуына теріс әсер ету мүмкін, осы әлеуметтік-жағымсыз құбылыспен одан әрі бірлесіп күресуге шақырылғаны атап өтілді.