«Галкино ауылы» өлкетану сайты

Орталық аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Галкино ауылы» https://galkino.jimdofree.com өлкетану сайтының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді «Шарбақты ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысы Г.А.Естаева ашып, ОКЖ кітапханаларының қызметінде өлкетану жұмыстары басым бағыт болып табылатынын айтты. Сайтты библиограф Голубничая О.А. және бағдарламашы С.А.Романчук ұсынды. Кездесу Zoom платформасында онлайн және офлайн режимінде өтті, оған Шарбақты орталық кітапхана жүйесінің кітапханашылары, Галкино ауылының тұрғындары қатысты. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Шарбақты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілқайырова А.Б., КММ «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» Шарбақты бөлімінің басшысы Н.В.Гумарова, «Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің» Шарбақты тарихи-өлкетану музей бөлімшесінің меңгерушісі Смакова Д.К., КММ «Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» бас маманы «Нұрғалиева А.А. шақырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

three × 1 =