«Ауылдық моделді кітапханалар – даму мен бағыттары мен басымдықтары» атты іс-сапарлық семинар

DSC0649029 мамырда Шегірен ауылдық кітапханасының базасында ауданның кітапханалық жұмыскерлерімен семинар өткізілді.

Өз әріптестерін кітапхана иесі Оспанова С.С. қарсы алды. Өзінің кітапханасы туралы айтып берді және экскурсия өткізді.

Семинарды «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры  Г.А. Естаева ашты, ол семинар тақырыбының өзектілігін белгіледі және жұмыс жоспарымен таныстырды.

Шегірен жеріне қош келдіңіздер деп, ауылдық округінің әкімі Ж.З. Әбілдинов келді.  Ол ауылдық округтің аймағында орналасқан барлық мекемелердің ынтымақтастығы туралы айтты және жиналандар жемісті жұмыс тіледі.

Кітапхана жүйесінің әдіскері А.А. Нұрғалиева 2017-2019 жж. әзірленген «Ауылдық модельдік кітапхана. Жаңа деңгейге шығу»  бағдарламасын әріптестеріне ұсынды.

Кітапханашы С.С. Оспанова «Шегірен ауылдық кітапхана – мәдениет және ақпарат орталығы» өз сөзінде түрлі бағыттар бойынша бөлісті.

Семинарда кітапханашылар, сондай-ақ Библиография күнін және Ақпараттар күнін қалай өткізу туралы ақпарат алды. Осы тақырыпты библиограф О.А. Голубничая қозғады.

Балалар кітапханасының меңгерушісі С.А. Рудовол «Акция – оқуды ілгерілетудің бір түрі» тақырыбында кеңес өткізді.

Алексеевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Е.И. Кунц «Ауылдық кітапханаларының жұмысы туралы жаңашылдық» мәселесі талқыланды. Жақында Елена Ивановна облыстық семинарға қатысты, Павлодар қ. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында өткізілді, енді оған алған білімімен бөлісуге мүмкіндік туды.

Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасы бойынша қыркүйек айында өтетін «Жас ақындар» аудандық сайысының ережелерімен аға кітапханашы А.И. Зеленская таныстырды.

С. Торайғыровқа арналған «Ақын есімі – ел есінде» атты оқырмандар конференциясы семинардың қорытындысы болды. Аталған іс-шараға Шегірен кітапханасының кітапханашы мектеп кітапханашысы Г.Ш. Жұмағұловамен бірігіп өткізді. Белсенді оқырмандар мектеп оқушылары болды.

Семинардың соңында «Кітапхана – идеялар ашық әлемі» және «Сүйікті кітаппен селфи» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттады, оған барлық ауылдық кітапханашылар және оқырмандар қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

18 − 5 =