«Ветеран» клубының қолөнершілерінің «Өнернама кемпірқосағы» атты көрмесі.

IMG_003121 қазанда «Ветеран» клубында қолөнерге арналған «Әйелдердің қолынан шыққан керемет туындылар» атты іс-шара өтті. Барлық назар «Өнернама кемпірқосағы» атты көрмеде болды. Көрмеге Колодежная В.С., Гриценко Н.И., Артемова М.И., Злых Л.М., Романчук Л.Г. қөлөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды.

Қолөнер арқылы өз ойыңда туындаған ерекше идеяларды іске асырып, түрлі бұйымдарды өз қолыңмен жасауға болады. Біздің қолөнершілер өздерінің қызығушылықтарымен бөлісті. Көп нәрсені кезінде олардың аналары үйреткені жайлы айтып берді. Әйелдер өздерінің қызығушылығын жоғалтпай, әлі күнге дейін көзтоймас және қызықты туындыларды жасайтыны қуантады. Демек, айналадағы адамдарды өздерінің ынта-жігерімен және өз жұмыстарымен қуантуды жалғастырады.

Көрме көрнекті де қызықты болып өтті, клуб мүшелеріне жақсы әсер сыйлады.

Іс-шараға арналған «Сіздің әуес ісіңізге арналған идеялар теңізі» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, кітапханашылар қатысушыларға сәттілік, ал қолөнершілерге шабыт тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

12 + seventeen =