БАЛАЛЫҚ ШАҚ ПЛАНЕТАСЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Елбасының айтуынша, балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі.

17 наурызда бастау алған Балалар жылы аясында аудандық орталық кітапханада «Балалық шақ планетасы» атты жарқын мерекелік бағдарлама өтті.

Мерекеде сүйікті кітаптардың кейіпкерлері Алдар Көсе, Жолбарыс, Маймыл, Пеппа шошқа, Кішкентай тышқан қарсы алды.

Мерекені Шарбақты ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б.Ж.Смақов ашты.

Бақыт Жантасұлы жиналғандарды Балалар жылының басталуымен құттықтап, баршаға көтеріңкі көңіл-күй, оқуда сәттілік тіледі.

Құттықтау сөзді Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің қызметкері Қабиденова Д.А. жалғастырды.

Балалар жылының ашылуының белгісі ретінде Шарбақты ауданының әкімі Әбеуов А.Қ. сыйлаған торты мен аниматорлардың «Таспа шоу» бағдарламасының көрсетілуі болды. Балаларды Дино, Панда, Жалғыз мүйізді атты үлкен динозавр қарсы алып,көңілдерін көтерді.

Аниматорлар шоуындағы көңілді қойылымдардан кейін балалар тәттілердің барлық түрлері бар фуршетке шақырылды.

Кеште балалар «Шалқан» ертегісіне қатысып, актерлік шеберліктерін де көрсетті.

Ұлдар мен қыздар би билеп, ойындар мен жарыстарға белсене қатысты. SHOW кешінің соңы балалар дискотекасымен аяқталды.

Орталық аудандық кітапханадағы бұл таңғажайып күн барлық балалардың естерінде қалатынына сенеміз!

Мерекеге демеушілік көрсеткен Белявский С.И., Аслонов Ширин-Хожа, Григоров В.И., Смагулова А.Е., Армия М.Б., Сорокин В.С. алғысымызды білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

12 + one =