“Балалар әдебиетінің бәйтерегі”

21-ақпан орталықтандырылған аудандық кітапханада М.Әлімбаевтің 100 жылдық мерейтойына арналған “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты әдеби-сазды кеші өтті

Іс шараға Абай, Шегірен және Жаңа-ауыл мектебінің оқушылары қатысты. Балалар М.Әлімбаевтің өмірі мен шығармашылығымен танысты.Мерекені Тезекбаев Милана және Рахимжан Аяулым “Шынаяқ” күйімен ашты. Абай, Шегірен мектебінің оқушылары өлең оқып, ал Жаңа-ауыл мектебінің оқушылары “Балалардың сүйікті жыршысы – Мұзафар Әлімбаев” сахналық көрініс қойды. Мерекелік іс-шарада Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы А.А.Нургалиева барлық қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

five + 1 =