
Жазғы демалыс жалғасуда. 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуларын қолдау жылы. 11 маусым күні Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары Балалар әдебиеті бөліміне барды. Білім алушылар үшін «Балалар, сүйікті
кітаптар сіздер үшін!» атты танымдық сағат өткізілді. Балаларға жақсылық пен жамандық туралы ертегілер ұсынылды. Ертегіні оқып болған соң, ертегі желісі бойынша балаларға сұрақтар қойылды. Оқушылар мен сынып жетекшісі М.Жүсіповаға «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам нұсқаулығы таныстырылды.