Ақынмен шығармашылық кездесу

Орталық аудандық кітапханада Павлодарлық ақын, жерлесіміз И.И.Қандыбаевпен шығармашылық кездесу өтті. И.И.Қандыб Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің белсенді мүшесі. Шараға «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшелері, поэзия сүйер қауым, колледж студенттері қатысты.

Кездесуді Павел Васильев мұражайы қорларының сақтаушысы Т.С.Корешкова ашты. Қонақпен амандасып, ақын шығармашылығынан алған әсерлерімен бөлісіп, ақынның өлеңін оқыды, одан кейін ақынның өзіне сөз беріп, оның өмір жолына тоқталып, философиялық тереңдік пен мән-мағынаға толы өлеңдерін оқыды.

Окольничья Т.В. – П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы, Бевз Л.- ақын, журналист, Борисовская Н.В. – П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі ақын туралы көптеген жақсы сөздерді айтты.

Шараға «Аmanat» партиясы облыстық филиалының өкілдері қатысты. «Amanat» партиясы Шарбақты аудандық филиалының жауапты хатшысы Әбілқайырова А.Б. ақынның еңбегіне алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

4 × two =